Қоғам дамуының басты көрсеткіші әрдайым оның мәдени жетістіктері. Сол себептен, бұл жетістіктерді әлемдік деңгейде таныту қажет. Рухани жаңғыру: Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мәдениеті арнайы жобасын насихаттау мақсатында біз Эмир Байғазин туралы шет елдік басылымдар қандай пікірде екенін назарларыңызға ұсынамыз. Эмир2017 жылы Рухани жаңғыруға байланысты қолға алынған 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы. Эмир Байғазин! Бұл есім соңғы уақытта шет елдік басылып беттерінде жиі айтылып жатыр. Эмир балалар өміріне арнап түсірген Асланның сабақтары, Раненый ангел Өзен трилогиясымен танымал. 2013 жылдың ақпанында Асланның сабақтары дебюттық толықметражды картинасымен Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына қатысып, 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшінКүміс аюжүлдесіне ие болды. Ал биылЭмир Байғазин түсірген Өзен (Река) фильмі 75-ші Венеция кинофестивалінің Көкжиектер (Горизонты) бағдарламасында Үздік режиссер жүлдесін жеңіп алды. Hollywood Reporter: Эмир Байғазиннің стилін фильмнің әр кадрынан байқауға болады. Композициясы өте үйлесімді, оның образдар үйдің интерьерінде, ауылдық экстерьерінде, тіпті экспансивті сұлу табиғат аясында өте орынды. Режиссер алғаш рет фильмнің қоюшы операторы ретінде бақ сынады. Картинаның кең кадрлары кеңістіктің динамика көзқарасымен қарағанда шебер түсірілген, ал кейіпкерлер шынайы сомдаған. Камераның қозғалуы да аз. Өзен - арт-хаустан тыс жұмбаққа толы саяхаттың оғаш және тартымды образы. Визуалды жағынан өте керемет және гуманистік зерттеулерге де бай туынды. Screen Daily Режиссер Эмир Байғазиннің Аслан туралы трилогиясының (Уроки гармонии, 2013, және Раненый ангел, 2016)соңғы бөлімі Өзен фильмі қысым көрсету мен босатылудың оқиғасын баяндайтын, көрерменнің көңілін арбайтын фильм. Тәуекелге бел буып, еркін ойлайтын авторлық кино дистрибьюторларын шақыратын ұстамды және қатал мінезді туынды. Эмир Байғазиннің кинематографиялық стилінде жеке бостандық, еліктіру және отбасы қарым-қатынастары сұрақтарын зерттейтін баяндаудың жасырын мағынасы бар. Cineuropa Өзен фильмі Көкжиектер бағдарламасындағы ең визуалды экстровагантты туынды. Бұл фильм Эмир Байғазинді батыл авторлық режиссер екенін тағы да дәлелдей түсті. Сценарист, режиссер Эмир Байғазин өзін алғаш рет қоюшы оператор ретінде таныстырып отыр. Оның қолында камера композицияны ерекше сезіп, әлемді аса құрметтеп сыйлайтын визуалды құралға айналады. Фильмнің образы шынайы өмір мен мифология әлемнің арасында оқиға тәрізді. Батыс өркениетінен, заманауи технологиялар мен поп-мәдениетінен алшақ дәстүрлі өмірге қол сұққан бүгінгі көрініс. Nonsolocinema Эмир Байғазин жас актерлармен тамаша жұмысын тағы да көрсете алды. Экранда өмірдің шынайлығын батыл көрсете білді. Ағайындылардың тартымды образдары, сондай-ақ Қанаттың бейнесі Орталық Азия кино тарихында қалатыны сөзсіз. NOW Бес ағайындының өмірі туралы ерекше көзқараста түсірілген фильм көрерменнің шыдамдылығын тексереді. Осы жарқын образдар туралы ойлауға мәжбүрлейтін бұл фильмде өткір тілділікті, саяси аллегорияны көріп таң қалатыныңыз ғажап емес. Cinemascope Эмир Байғазин сезімталдылық пен сабырлылық сақтайтын режиссер. Режиссер трилогияның барлық атмосферасын және ритмін анықтайтын үшінші бөлімін ұсынды. IONCINEMA Эмир Байғазин көне дәстүрлердің заманауи әлеммен қақтығысының портретін ашып беріп отыр.Байғазин бұл фильмде қоюшы оператор ретінде де атсалысып, өзен әлемін қашу туралы дастанның таныстырылым ретінде көрсетті. Cinematografo Өзен көрерменді магия мен реализм арбап, метафизикалық әлемге ауыстырады. Шынайы көркем түсірілген фильм. Естеріңізге сала кетсек, Эмир Байғазиннің алғашқы дебюттік жұмысы Асланның сабақтары фильмі Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктелініп, Үздік оператор номинациясында Күміс аю жүлдесімен марапатталды (2013). Трилогияның екінші бөлімі Төрт оқиға фильмі де Берлин кинофестивалінің Panorama Special бағдарламасы шеңберінде алғаш көрсетілді (2016). 2018 жылы тамыз айында Эмир Байғазин Румынияда өткен Anonimul кинофестивалінде Кино саласының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы жүлдесімен марапатталды. Айта кетсек, осы фестиваль шеңберінде режиссердің ақ-қара түсте түсірілген Жұлдыздарды көргіңіз келе ме? фильмінің тұсаукесері өткен болатын.