Парижде 93 жасына қараған шағында "Астерикстің шытырман оқиғалары" комиксінің авторы Альбер Удерзо дүниеден озды. Тек комиксі ғана емес, анимациялық фильмі мен экраницазиясы арқылы көрермен жүрегінен орын тапқан "Астерикстің шытырман оқиғалары" жөнінде бірнеше деректі назарларыңызға ұсынамыз.
✦ "Астерикс" комиксі алғаш рет белгиялық Pilote басылымында 1959 жылдың 29 қазанында жарық көрді. Оны ойлап тапқан Рене Госинни болса, суретшісі Альбер Удерзо еді. 1977 жылы Госиннидің өлімінен соң, Удерзо комиксті шығаруды жалғастыра берді. 2009 жылы комикстің құқығы толықтай Hachette басылымына өтті.
✦ Басты кейіпкер қортық, мұртты, қанаты бар көне кельт халқының өкілі Астерикс болатын. Кейін оның қасына ірі Обеликс қосылды. Бұл екеуі сиқырлы сусын ішіп, Цезарь бастаған рим әскерімен айқасады.
✦ Комикс авторлары өздерінің кейіпкерін "А" әрпінен басталатын атау беруді көздеген. Өйткені, тізімнің басында болады деп үміттенген.
✦ "Астерикс"/"Астерикстің шытырман оқиғалары" – еуропалық ең танымал комикс. Ол 100-ден астам тілге аударылған. Одан бөлек, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, Индонезия, Сингапур, Кения, БАӘ, Бразилия секілді мемлекеттерде жиі сатылған.
✦ Астерикс туралы комикстің жалпы тиражы 325 миллион көшірмеден асқан.
✦ Толықметражды анимациялық фильмнен бөлек, Астерикс пен Обеликс туралы 4 толықметражды көркем фильм түсірілген. Астерикс рөлін фильмде Кристиан Клавье, Кловис Корньяк, Эдуард Баэр секілді актерлер сомдаған. Обеликсті Жерар Депардье ойнады.
✦ Жер орбитасына француздар жіберген алғашқы серік Астерикстің құрметіне аталған.
✦ Астерикстің атына Парижде арнайы саябақ бар. Саябақ Францияда келушілер саны бойынша үшінші орында.
✦ Суретші Альбер Удерзо дальтоник болған. Ол өзінің суреттерін қайта бояту үшін арнайы мамандарды жалдаған.