18 мамыр күні Оңтүстік Африка республикасына іссапармен барған әйгілі киноактер Арнольд Шварцнеггерге белгісіз біреу шабуыл жасады. 71 жастағы киножұлдыз бұл жағдайға кешіріммен қарап, арыз жазудан бас тартты.
Актер жанкүйерлерімен сөйлесіп, суретке түсіп жатқан уақытта белгісіз біреу Арнольдтың ту сыртынан жүгіріп келіп тепкен. Дәл осы сәт қосылып тұрған Снэпчат желісіне түсіп қалған. Видео қазіргі уақытта барлық желілерде тарап кетті.
Орын алған бұл жағдайға байланысты Шварцнеггер Facеbook желісіндегі жеке парақшасына былай деп жазды:
"Алаңдап жатқандарыңызға рақмет. Алайда, уайымдайтын ештеңе жоқ, бәрі дұрыс. Мені әдеттегідей артымнан бір топ адам итеріп жатқан шығар деп ойладым. Не болғанын сіздер сияқты видеоны көрген соң бірақ білдім".
Актер ОАР-ға жыл сайын өтетін «Арнольд Классик Африка» спорт фестиваліне барған. Ол бұл жағдайды ұмытып, Африкадағы спорт мәселелерін шешуді назарға алу керектігін айтты. Актердың айтуынша, ArnoldSports платформасының аясында спорттың тоқсаннан астам түріне, 24 мыңнан астам спортшыға қолдау білдіріледі.