The Daily Mail-дың хабарлауынша голливудтық әртіс Арнольд Шварценеггердің ұлы киноға түсіп жатқан көрінеді.
Он сегіз жастағы Патрик Шварценеггер (Patrick Schwarzenegger) "Сыныптастар - 2" (Grown Ups-2) комедиясының түсіріліміне қатысып жатыр. Аталған комедияда бай адамның рөлін сомдап жатқан көрінеді. Жалпы таспаның өзі көптеген жылдар бойына кездеспей кеткен, қайта қауышып отырған сыныптастар жайлы екен. Киноның ең бірінші нұсқасы Адам Сэндлер, Роб Шнайдер мен Кевин Джеймстің қатысуымен 2011 жылы жарық көрген тұғын.
Айта кетсек, Патрик Шварценеггердің бұл рөлі кинодағы алғашқы қадамы. Қазіргі таңда киноның түсірілімі Массачусетс штатында өтіп жатыр. Және Патрикпен қоса аталған киноға Тэйлор Лотнер (Taylor Lautner), Сальма Хайек (Salma Hayek), Крис Рок (Chris Rock) пен баскетболшы Шакил О'Нил (Shaquille O'Neal) секілді талант иелері түсуде.
Сурет:runyweb.com
Дайындаған: Фараби Бақыт