Арнольд Шварценеггер 1947 жылы 30 шілде күні Австрияның Грац қаласында дүниеге келген. Жас кезінде бодибилдинг спортымен айналысқан. Америкада Арнольдтың достары оны австриялық акцентіне байланысты ұялшақ, ұяң адам деп есептеген. Алайда шындап келгенде ол өте ақылды және өмірге деген көзқарасы жоғары азамат болған.
Актер Висконсина университетіндегі «Экономика және бизнес» мамандығын тәмамдаған. Студенттік жылдары ол бодибилдинг жарысынан түскен ақшасын түрлі жаттығуға арналған темір құрылғы компаниялары мен жылжымалы мүліктерге құйып отырған. Сөйтіп набары 22 жасында Арнольд Шварценеггер миллионер атанады. Бизнеспен айналысып жүрген кезінде оның киноға деген қызығушылығы пайда болады. Содан өзін актер ретінде сынап көруге бел буады. 1970 жылы актер «Геркулес Нью-Йоркте» фильмінде алғаш рет киноға түседі. Алайда, оған танымалдылық 1977 жылы өзі түсірген «Темір арқылы бұлшық етті шығару» (Качая железо) атты деректі фильмінде келеді. Бұдан бөлек Арнольд «Терминатор», «Жыртқыш», «Бәрін еске түсіру» секілді киноларда басты рөлдерде ойнаған. Арнольд Шварценеггер кино мансабында «Терминатор 3» фильмінде ең қомақты гонарар (30 000 000 миллион доллар) алады.
Кино мансабында алған гонарары:
1969 — «Геркулес Нью-Йоркте» — $ 12 000
1982 — «Конан-варвар» — $ 250 000
1984 — «Конан-талқандаушы» — $ 1 000 000
1984 — «Терминатор» — $ 750 000
1985 — «Коммандо» — $ 1 500 000
1987 — «Жыртқыш» — $ 3 000 000
1987 — «Жүгіріп бара жатқан адам» — $ 5 000 000
1988 — «Қызыл ыстық» — $ 8 000 000
1990 — «Бәрін еске түсіру» — $ 10 000 000
1990 — «Балабақша сақшысы» — $ 12 000 000
1991 — «Терминатор 2: Қиямет күні» — $ 14 000 000
1993 — «Ең соңғы кино каһарманы» — $ 15 000 000
1994 — «Шынайы өтірік» — $ 15 000 000
1994 — «Джуниор» — $ 15 000 000
1996 — «Жоюшы» — $ 20 000 000
1996 — «Рождествоға сыйлық» — $ 20 000 000
1997 — «Бэтмен мен Робин» — $ 25 000 000
1999 — «Ақыр заман» — $ 22 000 000
2000 — «Алтыншы күн» — $ 25 000 000
2001 — « Зардапты өтеу» — $ 25 000 000
2003 — «Терминатор 3: Машина көтерілісі» — $ 30 000 000
2012 — «Арындылар 2» — $ 10 000 000
2013 — «Батырдың оралуы» — $ 5 000 000