Анджелина Джолиден балалары қорқып жүр

Анджелина Джолиден балалары қорқып жүр

«Сұлулықтың ханшайымы» атанған Анджелина Джоли Диснейдің «Maleficent» туындысында өзінің табиғатынан мүлде бөлек рөлді сомдады. Аталған рөлі оның балаларымен тікелей байланысты.

Maleficent оқиғаны перінің атынан баяндап отырады. Джоли «Entertainment Weekly» журналына берген сұқбатында «Мұның барлығы өмірде қатыгездік пен пасықтықтың көбейіп кеткендігімен байланысты» деп айтқан. Мүмкін дәл осылай айтуына өмірінде ерекше жағдай болған шығар?


«Актер болғың келсе, бәрін баладан үйрен» демекші, балалардың кастингтен өтуі біраз қиындық тудырған. Әсіресе Аврора ханшайымның рөлі. Өйткені олар әзірге өздерін ғана сомдайтын жандар. Кастингке келген 3-4 бала Анджелинадан шын мәнінде қорыққан. Тіпті, оның мінезі мен сөйлеген сөзін жек көрген. Интернет бетінде актрисаның қорқынышты кейпінен Вивьен қорықпаса да, қалған балалары мүлде жанына жоламай жүргендігін хабарлайтын мақалалар жүр. Алғашында анасының бұл рөлді сомдайтындығын естіген балалары «өте қорқынышты ғой!» деп айтқан екен. Артынша актриса балаларға ертегінің желісін баяндап берген. Балаларының ыстық ықыласынан уақытша айырылған жұлдыз «бұл мен үшін үлкен сынақ болды» дейді.


Ертегінің желісі тек Анджелинаға ғана емес, балаларына да қатысты. Джолидың қызы Шаило Maleficent атты кейіпкерге қарсы тұрғысы келетін қатарластарының сөзін естіп, анасын қорғаған екен. Сендер оны түсінбейсіңдер деп ақтаған.


Ал Брангелина атты баланың егізі Вивьен Джоли-Пит кішкене болса да, фильмге амалы жоқтан таңдалған. Ол анасының қорқынышты макияжы мен мүйізінен, үлкен көзі мен тырнағынан қорықпаған жалғыз бала.


«Entertainment Weekly» журналына берген сұқбатында «Пас мені алғаш рет көрген кезде қорқып, қашып кетті. Мен қалжыңдап жатыр екен деп артынан тұра жүгірдім. Ұстап алғанымда бақырып жылады. Оның алдында жасанды тісімді шешуіме тура келді», - дейді. «Балаларымыздың актер болмаса да, біздің қатарымызға қосылып, түсірілім алаңында бірге жүргендері Бред екеуімізді қуантады. Алайда екеуіміз болашақта олардың актер болғанын еш қаламаймыз».

Кино жұлдыз, актриса, екі фильмнің директоры, адал жар, алты баланың анасы өткен жылы профилактикалық мастэктомиядан екі мәрте өткен болатын. Актриса мұндай аурумен күресіп жүргендердің саны көп екендігін білген кезде таңқалған. Тіпті, олармен жүрегі біріккендей күй кешкен. Бұдан өзге Джоли әйелдермен кездесіп сүт безі обасы туралы айтып, ер адамдарға әйелі мен қыздарының денсаулығына қамқор болуға кеңес берген.


Сұлулық пен ақылды ұштастырып, әлем жұртын адамгершілігімен сүйсіндірген Анджелина бірнеше жылға созылған түсірілімнен кейін балаларымен бұрынғы қалпында қайта қауышты. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: bid.ru

Қ. Бүйенбай