- Негізгі бет
- Кино
- Анджелина Джоли: "Қызым...
Анджелина Джоли: "Қызым мені тастап кетсе ше?"
Әлемдік кино өнерінің жарық жұлдызы Анджелина Джоли Эфиопияға барады. Асырап алған қыздарының бірі Захара – Эфиопияның тумасы, ол өзінің туған анасымен кездесуді армандайды екен.
Анджелина Джоли асыранды қызы "туған жерінде қалып қоя ма" деп қорқады. Актриса Захараны 2005 жылы алты айлығынан бастап өз қолына алған. Захара қазір 12 жаста.
Mail Online британиялық порталы арқылы Захараның туған анасы (асырап алған кезінде туған анасы ауыр науқастан қайтыс болды делінген еді, – ред. ) Ментеваб Давит Лебисо Анджелинаға өтінішін білдірген. Ол актрисадан қызымен кездестіруді сұраған. "Анджелина қатты уайымдап жүр. Бір сөзінде: "Захара мені тастап кетсе ше?!" деп айғай салды",- дейді актрисаның сенімді өкілі Hollywood Life америкалық порталына. Захара өз анасының тірі екенін біледі, тіпті, анасымен кездескісі келетінін ашық айтады екен.
42 жастағы Анджелина Джоли бүгінгі таңда жеті баланы тәрбиелеп отыр. Актриса күйеуі Брэд Питтпен ажырасқан еді.
М. Оңғарова