- Негізгі бет
- Кино
- Анджелина Джоли жаңа...
Анджелина Джоли жаңа өмірін жаңа киіммен бастады
Бұлай деуімізге себеп бар. Өйткені Анджелина Джоли "Басында олар әкемді өлтірді: Камбоджа қыздарының естеліктері" (First They Killed My Father: A Daughter of Cambodia Remembers) атты киносының таныстырылымында жұрт үйренген қара түсті емес, алқызыл көйлек киіп шықты.
Камбоджаға балаларымен бірге келген әйгілі актриса алдымен баспасөз конференциясына, кейін киноның таныстырылымына қатысқан. Анджелина Джолидің Брэд Питтпен ажырасқалы ел алдына шығып тұрғаны – осы.
Джоли мен Питт 12 жыл бойы бірге болып, соңғы екі жылда ресми түрде некелескен еді. Алты бала тәрбиелеген отбасы әлемнің ең жарасымды жұбы болды. 2016 жылдың 19 қыркүйегінде Анджелина сотқа ажырасу туралы арыз жазып, соттан алты баласын тәрбиелеуге құқық беруді сұрады. Алты баланың үшеуін актриса өзі босанса, үшеуін асырап алған еді. Ажырасудың негізгі себебін актриса "татуласуға келмейтін көзқарас қайшылығы" деп көрсеткен. Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Джоли мен Питт бала тәрбиесінде ортақ мәмілеге келе алмаған.
М. Оңғарова