31 қазан күні Америка Құрама Штаттарының Лос Анжелес қаласындағы London West Hollywood кинотеатрында «Анаға апарар жол» тарихи фильмінің ресми скринингі өтті. Көрсетілім арнайы «Алтын глобус» фестивалінің әділқазылар алқасына ұсынылды. Олардың қатарынан Голливуд шетелдік Пресса Ассоциясы мүшелері Мунавар Хусейн, журналист Барбарос Таран, Фотокорреспондент Армандо Галло, Актриса, әнші Полина Булаткина табылды. Сондай-ақ, People, Hollywood Reporter, New York Times, USA Today атақты газет-журналдарының өкілдері де болды. 74-ші «Алтын глобус» америкалық премиясына үміткер фильмдер тізімі осы жылдың 12 желтоқсан күні белгілі болады.