Ана мен қыз баласының арасындағы байланыс – тым нәзік әрі күшті құбылыс. Олардың арасында үлкен махаббат, бауыр басу, кінә, жоққа шығару мен кешірім сезімі бар. Бүгін назарларыңызға ана мен қыз баласы арасындағы нәзік қарым-қатынасты жеткізе білген терең мәнді фильмдер топтамасын ұсынамыз.
"СТЕКЛЯННЫЙ ЗАМОК" / "ШЫНЫ ҚАМАЛ" (2017)
Журналист әрі жазушы Джаннетт Уоллстың автобиографиялық кітабының желісі бойынша түсірілген фильм бала кезінен жоқшылықтың уын ішкен бойжеткеннің басынан кешкендерін баяндайды. Кітап New York Times ұсынатын бестселлер тізімінде 250 апта бойына көш бастаған еді. Бойжеткеннің тағдыры арқылы ауыртпашылық, махаббат, қайырымдылық пен ризашылық ұғымдарының мәнін жеткізеді. Бас кейіпкердің анасы суретші, ал әкесі – ащы судың құрбаны. Кедейшілікке қарамастан Уоллс әулетінің қыздары өз армандарынан бас тартқан емес. Фильм барысында бойжеткеннің монологы, анасымен тілдесу ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты баяндап қана қоймай, бала реніші мен олардың онымен күресін сараптауға мүмкіндік береді.
"МУЖЧИНЫ, ЖЕНЩИНЫ, ДЕТИ" / "ЕР АЗАМАТТАР, ӘЙЕЛДЕР, БАЛАЛАР" (2014)
Фильм балалық шағы сандық ғасырға тұспа тұс келген балаларының тілін табу амалын қарастырып жүрген бірнеше ата-ананың оқиғасын баяндайды. Сюжеттің бір бөлігі қызының онлайн өмірін бақылауға тырысатын анасының әрекеттін көрсетеді: ол оның компьютерін тексереді, телефоны, электронды поштасы, скайп, әлеуметтік желідегі парақшасы оның көз алдында болады. Одан бөлек, қызының қайда, кіммен, не істеп жүргенін сәті түссе сұрай бергенді жөн санайды. Қызын қыспаққа алған бас кейіпкер өз баласының әркетін басқару оны өз өміріндегі қиындықтарды ұмытуға көмектескенімен, баласының өмірін құрдымға апара жатқанын уақыт өте түсінеді.
"МАЛЕНЬКИЕ ЖЕНЩИНЫ" / "КІШКЕНТАЙ ӘЙЕЛДЕР" (1994)
Фильм өмір жолы азаматтық соғыс уақытына сәйкес келген Марч әулетінің төрт бойжеткен қызының есею кезеңін көрсетеді. Киноны қарау барысында көрермен ананың қыз бала өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын түсінеді. Сезімге толы фильм қыз баласының дана әйелге тән қасиеттерге ие болуы үшін керек маңызды сәттерді сипаттайды: алғашқы махаббат, үміт, түңілу, жеке өмірге қадам басу, өмір қағидаларының қалыптасуы.
"МИЛДРЕД ПИРС" / "МИЛДРЕД ПИРС" (2011)
Бес бөлімнен тұратын мини-сериал тағдырдың соққысына қарамастан балаларына бар жақсылықты сыйлап, олардың дұрыс бағытта дамуына күш салған жалғызбасты аналардың өмірін баяндайды. Бас кейіпкер өз балаларына өмірдегі бар жақсыны беруді армандайды. Бірақ, балаларының эгоизмі оны жұмыстан бас алмайтын, олармен ана ретінде сырласпайтын, керісінше құл секілді тек үйге табыс әкелу керек адамға айналдырады. Фильмнен бәрін қабылдай алатын ана махаббаты, эгоизм, өзінің әлсіздігін мойындау мен өміріндегі ең маңызды адам (балалармен) арадағы дауды шешудің маңызын ұғасыз.
"ГДЕ УГОДНО, ТОЛЬКО НЕ ЗДЕСЬ" / "БҰЛ ЖЕРДЕН ӨЗГЕ БАРЛЫҚ ЖЕРДЕ" (1999)
Бас кейіпкерлер рөлін Натали Портман мен Сьюзан Сарандон сомдайды. Олар ұшқалақ, жеңіл ойлы ана мен қатал, тәртіпті жаны сүйетін қызының қарым-қатынасын көрсетеді. Мінезіндегі ерекшеліктерге байланысты ана мен бала рөлі ауысып кеткен жағдайда ішкі жанжалды қалай жеңіп, жеке өмірінің шекарасын қалай сақтап қалуға болады деген сұрақтарға жауап береді.