Бүгін Chaplin Cinema кинотеатрында «Америка Капитаны: Қарсылық» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Марвел компаниясының жаңа туындысы бұл жолы да қомақты қаржыға кенеліп жатыр. Себебі, бұл кезеңді Марвел сүйгіш көрермендер асыға күткен. Фильм біршама қалада түсірілген. Шайқасты көрсетудегі спецэффектілер мен көрініс артындағы фон жоғарғы деңгейде таңдалған.
Америка Капитаны мен инженер батыр Темір адам командасының арасындағы шайқас не себепті орын алды деген сауалмен жиналған көрермендер екі сағаттан кейін жауабын тапты.
Кек қайтарушылардың әлемді құтқарудағы іс әрекеті көптің жүрегіне таңба салып та жатыпты. Яғни, бейбіт өмірді қалыптастыру үшін өзгелердің қаны төгіледі. Бұл өзге біреудің баласы, біреудің сүйіктісі, енді біреудің досы. Бұл жағдайдан кейін билік пен халық бұларға деген сенімнен айрылады.
Мәмілеге келу үшін келісімшарқа қол қою керек. Ал Америка Капитаны өз дегенін жасап, халықты жауыздықтан құтқару үшін барлық талаптарды орындау керек дегенді алға тартады. Осы сәтте кек алушылар екі жікке бөлінді: бірі Америка Капитаны бастаған топ олар ешкімге бағынғысы келмейді, ал Темір адам бастаған топ мемлекет бақылауымен қызмет ететін болады.
Жалпы кинода адал достық, елге деген патриоттық сезім, ғасырға созылған махаббат көрініс табады. Әсіресе, киноның соңғы минуттарында тел өскен досқа соңғы дем қалғанша көмектескені сәтті бейнеленген.
«Кек алушылардың» осыған дейінгі бөлімдерінде Темір адамды өзімшіл әрі бас пайдасын ойлаған жауынгер ретінде көрініп келсе, бұл жолы бәрі өзгеше.
Фильмде жеке персонаждықта танымалдылыққа ие болған Өрмекші адам, Құмырсқа адам, Қаршыға көз, Темір адам және Америка Капитаны ойнайды, сонымен қатар, белорус агент қыз Наташа Романов, Пантера адам, Бакки есімді қысқы жауынгер қаһармандығымен көзге түседі. 168 рет көкке самғаған Темір адамның досы Пирс бұл шайқастан кейін 169 және одан да көп самғауларын жасай алмайды.
Сонымен қатар, фильмдегі ең жас кейіпкер Питер Паркер, яғни Өрмекші адам. Ал фильмдегі көлемі жағынан ең кішкентай Құмырсқа адам. Ал ең ірі кейіпкер кім деп ойлайсыз? Ашуға булыққан жасыл адам Халк деп ойласаңыз, жаңылыстыңыз. Фильмдегі ең ірі кейіпкер де Құмырсқа адам.
Комикстер әлемінде қазіргі таңда мықты тараптардың шайқасы көпті елеңдетіп жүр. Өйткені, өткен жолы «Бэтмен Суперменге қарсы» фильмі жарық көрген болатын. Бұл сәйкестік пе, әлде қазіргі ғасырдың комикстерге қойған талабы осындай ма? Бұл екі фильмді алдағы уақытта салыстырып жазатын боламыз.
Қақтығыста қай тараптың жеңетінін фильмді көру барысында көре жатарсыздар.