15 наурыздан бастап ел кинотеатрларында Алтыншы бекет (Шестой пост) көркем фильмі көрермендер назарына жол тартты. Кинотуындыда осыдан 8 жыл бұрын Ақтауда болған қанды оқиға мен сертіне адал сарбаз Ербол Отарбаевтың ерлігі баяндалады. Алтыншы бекет фильмініңпродюсері - кинематографист Данияр Ибрагимов. Фильм режиссері Cерікбол Өтепбергенов. ФильмАЮ Синема кинокомпаниясы, Хабар агенттігі және ҚР Ұлттық ұланның қолдауымен түсірілген. Бүгінгінің батырларын дәріптеу, оларды ел алдындақұрметтеу бір ұлылық. Олардың ерліктері жастарға үлгі болып, патриоттық сезімін оятары хақ. Алтыншы бекет кинотуындысы да осы мақсатта түсіріліп, Отанға адал, сертке берік, мақсатқа айқын қол созуға тәрбиелейді. Жастарды жат ағымның жетегінде кетпеуге шақырады. Достық пен махаббат, қайсарлық пен екіжүзділік, жалған сенім де бар. Иә, бұл айтқандарымыз көркем фильм жайлы. Кинотуынды жайлы мына сілтемеге өтіп толық біле аласыздар. Ал сол бір оқиға 2010 жылы қалай болды? Бас қаһарман Ербол Отарбаев түрмеден қашқан қандықол қарақшыларға қалай қарсы тұрды? Қазіргі денсаулығы жақсы ма? Осы жайлы айтайық. Қазақстанды дүр сілкіндірген Ақтаудағы оқиға 2010 жылдың 22 маусымы күні таңда сарбаз Ербол Отарбаевалтыншы бекетте кезекшілікте тұрған. Кенет жарылыс болып,жарық сөнеді. Артынша түрмеден қашып шыққан бір топ адамды көреді. Сарбаз бұйрық бойынша тоқтауларын айтып, тоқтамаса қару қолданатынын ескертеді. Қарсы жақтан бұған оқ атыла бастайды. Әскерде жүргеніне 6 айдай болған Ербол да қаймығып қалмайды. Дереу хабарлама жолдап, ашық айқасқа шығады. Атыс кезінде өзі де жарақат алып, оғы да таусылған. Арғы жағы Ербол үшін бұлыңғыр... 22 маусымдағы оқиға елді дүр сілкіндірді.21 қашқынды жалғыз тоқтатпақ болған Ербол ауруханаға жеткізілді. Дер уақытында хабарлап, жанқиярлық ерлік танытты. Өліммен бетпе-бет келді. Қазір аға лейтенант шеніндегі Ербол менің орнымда қай сарбаз болса да, мен секілді жасаған болар еді дейді. Атыс кезінде қашу жоспарын құрған негізгі екі қылмыскер қаза болған Қатаң тәртіптегі абақтыдағылар бұл қашу жоспарына ұзақ дайындалған. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс басталған күнді дәл таңдаған. Бұл жайында генерал-майор Мұхаметқали Сатов Алматыда өткен пресс-конференция кезінде оқиғаны кеңінен баяндады. -Ерболдың 20 оғы болған. Ал қашып шыққандар саны 21. Осы оқиғадан кейін бекеттегі сарбаздарға 60 оқтан беретін болдық. Атыс кезінде Ербол екі қашқынды оққа ұшырған. Екеуі де сол қашу жоспарын құрғандардың басшылары болған. Солар ары қарай алып жүретін жолды білген. Үшіншісі соңғы болып шығып, Ерболды өлтіруге бұйрық берген сәтте сарбаздар келіп үлгерген.Алдыңғылары қашып үлгергенмен (олар бірер күн ішінде қолға түсті, арнайы операция кезінде оққа ұшты) соңғылары көп ұзамай құрықталды, - деді фильм идеясының авторы. Қару-жарақ қылмескерлерге қалай жеткен? Генерал-майор Мұхаметқали Сатов айта кеткендей, қару-жарақ түрмеге тоңазытқыш арқылы жеткізілген. Фильмдегідей кішкентай емес, тоңазытқыш үлкен болған. -Қару-жарақты фильмдегідей тоңазытқышқа тығып кіргізген. Ол көп зат қоятын үлкен болған. Арнайы мөрі басылып келген. Оны ол жердегі күзетшілердің ашуға рұқсаты болмаған. Бұл жерде абақты басшыларының да сатқындығы бар. Олар ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылды. Қашқындар да жарылғыш зат жасауға әбден машықтанғандар қатарынан болған, - дейді. Сертіне адал сардар Ақтаудағы оқиға кезінде жарақат алған Ерболға бірнеше рет ота жасалып, дәрігерлер аман алып қалды.Сауығып шыққаннан кейінІІІ дәрежелі Айбынорденімен марапатталды. Мәртебелі сыйлықты Елбасы табыстады. Ербол Отарбаев Тәуелсіздіктің төл құрдасы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Еңбекші ауылының тумасы.2011 жылы келісімшарт бойынша Шымкенттегі №6506 әскери бөлімінде бас маман болып қызметкекелді.КейінненПетропавлдағы ҚР Ұлттық ұланының Әскери институтынатүсіп,2015 жылы бітіріп шықты.Әскери шенін Елбасы қолынан алды. Бүгінде ЕрболҚР Ұлттық ұланы Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына қарасты №6698 әскери бөлімде қызметатқарыпкеледі. - Бұл фильмде жалғыз менің ерлігім ғана баяндалмайды. Ұлттық ұлан жауынгерлерінің күнделікті атқаратын қызметтері де көрсетіледі. Түсіру жұмыстарын жүргізген, қолдау білдіргендерге алғысымды айтамын. Ерлік жасаған адамдарды ешқашан ұмытпауымыз керек. Бауыржан атамыз айтпақшы, бұрынғы ерлікті көрмей тұрып, жаңа ерлікке шақыру бекершілік. Батыр ағалармызды бағалап, мерейін асыра берейік. Қазір денсаулығым жақсы. Қызмет атқарып жүрмін. Өзімді батырмын деп санамаймын. Себебі, менің орнымда болған кез келген сарбаз осылай жасаған болар еді. Менің қорқып тығылып қалуыма да болар еді. Бірақ Отан алдындағы сертті бұзу - барып тұрған сатқындық, - деді Ербол. Тәжікстанда қаза тапқан 17 қазақ сарбазының ерлігі де бір фильмнің арқауы Қазақ жауынгер халық. Ежелден-ақ елін, жерін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де қазақ батырларының ерлігі ерекше болды. Ал тәуелсіздіктен бергі кезеңнің өзінде Ербол секілді ерлік жасап, Отан үшін опат болған оғландарымыз аз емес... Соның бірі 1995 жылы Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қаза болған қазақ сарбаздары. - Биыл Хабар арнасымен бірге Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында қаза болған қазақ сарбаздарына арналған көркем фильм түсіру жоспарда бар. 1995 жылдың 7 сәуірінде қазақ батальоны тәжік шекарасында қоршауға түсіп, 17 сарбазымыз ерлікпен қаза болды. 33-і жарақат алып, кейіннен 2-і дүние салды. Осы оқиғаға қатысты көркем фильм мен телесериал түсіру жоспарда бар. Онда сарбаздардың бір-біріне адал достығы, Отан алдындағы сертті бұзбауы, т.б. ерліктері баяндалатын болады. Біздің әскер онда неге жүр? - деген сұрақ болары анық. Мен әскери адам ретінде бұл сұраққа жауап берер болсам, оларҚазақстанға келе жатқанэкстремизм мен лаңкестік әрекеттердің алдын алды, тәжік халқына көмек қолын созды. Қазақстан мен Тәжікстанның арасы 600 ғана шақырым. Сондықтан мұндай оқиғаларды қазақ шекарасына жақындатпай, алыстан алдын алудың маңызы зор болды, - деді генерал-майор Мұхаметқали Сатов. P.S Ербол секілді елім деген ерлердің ерлігі жас ұрпаққа өнеге. Оларды айта жүру, насихаттау, көркем кинотуындылар мен шығармаларға арқау ету бір парызымыз. Бүгінгі батырлар ерлігі ертеңгі тарих. Тарихымыздың тұғырын биіктетер тұлғаларымыз көп болғай!