«Алтын глобус»: фото-тарих

«Алтын глобус»: фото-тарих

Голливудта 71-рет «Алтын глобус» сыйлығын салтанатты түрде марапаттау кеші өтті. Біз бұл шара жайлы белгілі бір уақытта жеңімпаздарды көріп, оқитынымыз болмаса, киносыйдың тарихына ешқашан үңілмеген екенбіз. 1944 жылдан бері дәстүрлі түрде табысталып келе жатқан атаулы шараның тарихы терең, мәдени маңызы зор.

Сонымен, атап өткендей, бәрі 1944 жылы басталды: бір топ шетел журналисі (Кейіннен «Шетел баспасөзінің голливудтік қауымдастығы» деген атау алған) бірігіп, 1943 жылды қорытындылап, үздік кинофильмді таңдайды. Бірнеше аптадан кейін «20 век Фокс» студиясында салтанатты марапаттау кеші ұйымдастырылып, үздік деп танылған «Бернадеттің әні» фильмі үшін режисер Генри Кинг марапатталады, ал Дженнифер Джонс пен Пол Лукас үздік актер және актриса болып танылады. Марапаттау салтанаты кино қайраткерлері мен шоу-бизнес өкілдерінің көңілінен шығып, жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі шараға айналады.

Алғашында мүсінше номинациясы мен жеңімпаздың аты жазылған шиыршық қағаз ретінде ұсынылған. Тек 1945 жылы қазіргі кинопленкамен буулы алтын глобус мүсіншесінің дизайнын қауымдастықтың сол кездердегі мүшесі Марина Систернас ұсынған.

1952 жылы «Алтын глобус» тарихында елеулі өзгеріс орын алды. Сол жылы қауымдастық өкілдері фильмдерді драма және комедия/мюзикл деп жіктеуді ұсынды. Мұндай өзгерісті енгізудің себебі «түрлі жанрдағы фильмдерді түрліше саралау қажеттігі мен түрлі жанрда актерлердің сезім мен эмоцияны түрліше жеткізу керектігімен» түсіндірілді.

Мэрилин Монро, 1952

Сонымен қатар 1956 жылы шара төңірегінде тағы бір өзгеріс қабылданды. Бұл жылы телевидение толықтай киноөнер туындысы ретінде мойындалып, ұйымдастырушылар телевизиялық жобалар мен телехикаялар үшін арнайы марапаттар тағайындады.

Грегори Пек және Грейс Келли, 1956

«Алтын глобус» тарихындағы ең танымал және қызықты суреттің бірі – Софи Лореннің Джейн Мэнсфилдтің кеудесіне имене қарауы (1957). Актрисаның толық кеудесі мен декольтесінің тереңдігін ескерсек, Софи Лореннің бұл қылығын сынай алмаймыз.

Элизабет Тейлор және Майк Тодд, 1957

1958 жылға дейін марапаттау салтанатын қауымдастықтың тілшілері жүргізіп келген, алайда бұлай жалғаса бермесі анық еді. Сол жылғы салтанатты кеште сахнаға Фрэнк Синатра, Дин Мартин және Кіші-Сэмми Дэвис шығып, сценариден тыс диалог құрып кетеді. Бұлардың қойылымы көрермендерге ұнағаны соншалық, келесі жылы кешті жүргізу мәртебесі осы үштікке жүктеледі.

Ширли Маклейн, 1958


Тони Кертис және Дженет Ли, 1958

Мэрилин Монро «Джазда тек қана қыздар» фильмі үшін тұңғыш рет «Алтын глобус» иеленді, 1960

Екі жылдан кейін Мэрилин екінші және соңғы «глобусты» «Әйелдер арасындағы әлемдік киножұлдыз» номинациясы бойынша алады. Суретте Рок Хадсонмен бірге — сырбаз актер, ЖИТС-тан қайтыс болған танымалдардың бірі.

Мия Фэрроу, 1965


Клинт Иствуд және Барбра Стрейзанд, 1971

«Алтын глобус» төңірегінде табысталатын Сесиль Б. Де Милльдің құрметті сыйын 1970 жылы жеңіп алған Джон Уэйн мен Джоан Кроуфорд. Бұл сый Голливуд кинематографиясын дамытуға атсалысқан америкалық режисер және продюсер Сесиль Б. Де Милльдің құрметіне тағайындалған.

Сесиль Б. Де Милль жүлдесін иеленген Альфред Хичкок, 1952


Шер және Сонни Боно, 1973


Жас Майкл Джексон, 1973

Джек Николсон түрлі номинация бойынша алты «глобусты» және бір рет Сесиль Б. Де Милль жүлдесін иеленген. Бұл ерлер арасындағы рекорд. Суретте жары Анжелика Хьюстонмен, 1975.

Жас Арнольд Шварценнегер актриса Ракель Уэлчпен, 1977. Сол жылы ол «Аш күйіңде қал» фильмі үшін үздік кинодебьютант атанды. Алайда бұл актердің бірінші және ең соңғы глобусы.

Сол жылы Барбра Стрейзанд екі алтын глобус иегері атанды — үздік рөлі үшін және «Жұлдыз дүниеге келді» фильмінде орындаған әні үшін. Ал қолындағы тағы біреуін әріптестері әдемі көрініс үшін ұстатуда.

Софи Лорен, 1977


Энтони Хопкинс және Дайан Кэннон, 1979


Джейн Фонда және Джон Траволта, 1979


Жеті жасар Дрю Бэрримор өзінің ең алғашқы «Алтын глобусында», 1983

«Династия» телехикаясының жұлдызы Джон Форсайт, 1983

1986 жылы Вупи Голдбрег «Қызғылт даланың гүлдері» фильміндегі тамаша рөлі үшін марапатқа ие болды. Алайда салтанатты кешке ол дәл осылай киініп келеді деп ешкім ойламаған еді. Актрисаның сәнге деген көзқарасы әрдайым ерекше болған.

Том Хэнкс және Шелли Лонг, 1988


Том Круз бен Оливер Стоун «Төртінші шілдеде туылған» фильмінің жемісін тойлауда. Фильм шынайы оқиға желісі бойынша түсірілген. Оқиға кейіпкері – ортада отырған Вьетнам соғысының ардагері Рон Ковик.

«Алтын глобусты» ең көп ұтқан актриса – Мэрил Стрип. Дарынды актриса 28 рет номинацияға ілігіп, 8 рет жеңіп алған. Сурет 1989 жылғы.

19 жасар Ривер Феникс, 1989

Одри Хепберн құрметті «Алтын глобусымен», 1989

1990 жылы Джулия Робертс «Болат магнолиялар» фильміндегі рөлі үшін тұңғыш рет глобус иеленеді. Оның салтанатты кешке киіп келген кең костюм-шалбары «Алтын глобус» тарихындағы ең сәтсіз киімдердің бірі болып саналады.

Бір жылдан кейін Джулия «Сұлу бикеш» үшін тағы бір мүсіншеге ие болады. Алайда актрисаның киімі мұнда да қатты өзгеріске ұшырамайды.

Әр жылдардағы жұптар:

Джонни Депп пен Вайнона Райдер, 1991


Том Круз бен Николь Кидман, 1992


Кейт Мосс пен Джонни Депп, 1995


«Достардың» басты кейіпкерлері — Лиза Кудроу, Дженнифер Энистон және Кортни Кокс.

Джордж Клуни және оның «Жедел жәрдем» телехикаясындағы әріптесі Ноа Уайли (1996). Бір қызығы, 15 жыл көрсетілген бұл телехикая бір рет қана «Алтын глобусқа» ие болған.

Том Круз және Дастин Хоффман, 1997


Лео ДиКаприо мен Кейт Уинслет «Титаниктің» дүркіреп тұрған шағында, 1998


Бен Аффлек және Мэтт Деймон «Ақылды Уилл Хантинг» фильміне үздік сценарий марапатымен, 1998

16 жыл бұрынғы Анджелина Джоли, 1998.

Кэмерон Диаз бен Джулия Робертс, 2000


Тарихи сурет: Мэрил Стрип, Аль Пачино және Джессика Лэнг, 2004.

Хит Леджер мен Мишель Уильямс, 2006


«Үй шаруасындағы әйелдер» кейіпкерлері үш глобустың бірімен, 2006

Нағыз актер, «Артист» фильмінің жұлдызы, «Алтын глобус» иегері — Угги атты ит, 2012 жыл.

Тағы бір қызық жайт, киномарапаттың 1963 жылдан бастау алған тағы бір дәстүрі бар. Жыл сайын қауымдастық мүшелері жұлдызды ата-аналардың бір баласын «Алтын глобус» ханшайымы немесе мырзасы етіп тағайындайды. Мұндай атаққа ие болған жас өнерпаз салтанатты кештің символына айналып, көпшілік алдына шығып, дебют жасайды. Әр жылдары «Алтын глобус» ханшайымы деген лауазымға Лоррейн Николсон (Джек Николсонның қызы), Румер Уиллис (Деми Мур мен Брюс Уиллистің қызы), Франческа Иствуд (Клинт Иствудтың қызы), Мелани Гриффит (Типпи Хедреннің қызы) және «Сұрдың 50 түрінде» басты рөлге тағайындалған оның қызы Дакота Джонсон лайық деп табылған. Ал «Алтын глобус» мырзасы деген лауазымды Джон Кларк Гейбл (Кларк Гейблдың ұлы), Кіші-Фредди Принц (Фредди Принцтің ұлы) және Эй Джей Ламас (Лоренцо Ламастың ұлы) абыроймен алып жүрген.

Бұл жылы «Алтын глобус» ханшайымы болып 21 жасар Сози БейконКира Седжвик пен Кевин Бейконның қыздары тағайындалған.

Сурет: vev.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina