"Алтын арыстан" Оңтүстік Кореяға кетті

"Алтын арыстан" Оңтүстік Кореяға кетті

Режиссер Ким Ки Дук

69 рет өткізілген "Алтын арыстан" Венеция кинофестивалінің бас жүлдесін оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дуктың "Пьета" (Pieta) картинасы алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ав

Ким Ки Дуктың "Пьета" фильмінен көрініс

"Күміс Арыстан" сыйлығын (үздік режиссерлік жұмыс) Пол Томас Андерсон "Шебер" фильмі үшін алды. Үздік ер адам рөлі сыйлығына осы картинада өнер көрсеткен Филип Сеймур Хоффман ие болды. Үздік әйел адам рөлі сыйлығы Рам Бурштейннің "Бостықты толтыру" ("Заполнить пустоту") фильмінде бой көрсеткен израильдік актриса Адас Яронға бұйырды. Үздік сценариске берілетін "Озелла" сыйлығы "Ауада бірдеңе бар" ("Что-то в воздухе") картинасындағы еңбегі үшін француз Оливье Ассаясқа (Olivier Assayas) тарту етілді. Марко Беллоккьоның туындысында өнер көрсеткен итальяндық жас актер Фабрицио Фалько Марчелло Мастроянни сыйлығына (үздік актерлық дебют) ие болды. Кинофестивальдің арнайы сыйлығы "Пейіш: Сенім" картинасы үшін Ульрих Зайдльға табысталды.

Естеріңізге сала кетелік, Венеция кинофестивалі 29 тамыз - 8 қыркүйек аралығында өткізілді. Конкурста ұзын саны 18 картина қазылар назарына ұсынылды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: entertainment.inquirer.net, blogs.indiewire.com