- Негізгі бет
- Кино
- Алматыда "Ваш весь...
Алматыда "Ваш весь Федор Достоевский" фильмінің премьерасы өтті
Алматы қаласында "Ваш весь Федор Достоевский" фильмінің тұсаукесері өтті. Премьера 11 қарашадағы әлем әдебиеті классигінің 200 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Кинокартина "ЭМО" қоғамдық қорының тапсырысы бойынша Қазақстан православие шіркеуінің Митрополиттік округінің қолдауымен түсірілді. Режиссері Константин Харалампидис. Фильмде қазақстандық актерлер де рөл сомдаған. Тундының алғашқы көрсетіліміне кинематографистер, әдебиеттанушылар, кинотанушылар, дін өкілдері мен журналистер қатысты.
Елімізде түсірілім тобы жазушының 1854-1859 жылдар аралындағы жолымен жүріп өтті. Достоевскийдің өмірінде маңызды орын алатын Семейдегі өміріне фильмде ерекше назар аударылған. Қазақ жерінде жазушы "Дядюшкин Сон", "Село Степанчикова и его обитатели" шығармаларын қағазға түсіріп, "Записки из мертвого дома" атты туындысын жазып бастаған. Тағы бір айта кететін жайт Семейдегі түсірілім кезінде жазушы мен Шоқан Уәлиханов арасындағы достық сипатталады.
"Семейдедегі Достаевский мен Уәлиханов арасындағы достықты сипаттау қиын. Екі көрнекті тұлға – орыс жазушысы, ойшыл және философ Достоевский мен қазақ ғалымы, саяхатшы және ағартушы Уалиханов уақыт ішінде сапар шегіп, бізге ойларын жеткізгісі келгендей. Кезінде жазушы мен ғалым талқылаған тақырыптар қазіргі ұрпақты да толғандырады", - дейді Шоқан Уәлиханов рөлін сомдаған Станиславский атындағы Қарағанды театрының жетекшісі Дунай Еспаев.
Федор Достоевскийдің күнделігі мен хаттары негізінде фильм авторлары жазушының Қазақстандағы өмірін таспалаған.
"Уәлиханов пен Достоевский достығының негізі неде екенін түсінгіміз келді. Олардың хаттары, күнделіктер оқырмандардың әртүрлі түсінігін тудыруы мүмкін. Фёдор Михайловичтің өзі Шоқан Уәлихановты досым деп атап, оны бауырындай жақсы көргенін айтқан. Омбыда Достоевский мен Уәлихановтың алғаш рет кездесті. Сол кездесудің бірде-бір куәгері оқиғаның қалай болғанын егжей-тегжейлі сипаттамаған. Алайда Достоевский мен Уәлихановтың хат жазысуынан да, жазушының басқа адамдармен хат алмасуынан да оның шын мәнінде жас қазақ ғалымын досы ретінде қабылдағанын аңғарамыз. Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген құштарлығы мен халқын ағартуға деген ұмтылысы Достоевскийдің жүрегіне өте жақын болды" - дейді режиссер Константин Харалампидис.
Достоевский рөлін Владимир Беляйкин сомдады. Фильмнің түсірілімі Семей, Омбы, Санкт-Птербург, Мәскеу қалаларында өтті. Кинакартинаға Ресейдің халық әртісі Ирина Купченко қатысты. Фильмнің негізінен үш мұражай – Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік әдеби мұражайы, Семейдегі Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайы және Санкт-Петербургтегі Достоевский әдеби-мемориалдық мұражайында түсірілді.
"Бұл фильм біздің замандастарымызға Достоевский жазған ұлы көркемдік құндылықтарды, рухани-адамгершілікті қайта ашуға көмектеседі. Қайғылы оқиғалар тізбегі Федор Михайловичті қазақ жеріне қалай алып барғаны белгілі, содан кейін ол өзінің ең танымал шығармаларын жазады. Ұлы жазушының рухани жаңғыруы осында өтті. Бұл тағдырлы процестің жарқын мысалы Достоевский бауырым деп атаған Шоқан Уәлихановпен достығы", - дейді сценарист Евгений Попов.
Достоевскийді сомдаған Владимир Беляйкин кейіпкеріне сырт келбетімен қатты ұқсайтынын атап өтті.
"Бет-әлпетімде ұқсастық бар, мен де арықпын, еңкейіп жүремін. Грим жағуға болатын еді, бірақ біз бәрі табиғи қалыпта болғанын қаладық. Достоевский мен Шоқанды ойнағанда олардың мінез-құлқын беруге тырыстық. Мен Федор Михайловичтің шығармаларын жақсы білемін, ол да маған көп көмектесті. Әріптестермен қарым-қатынас өте жақсы болды. Дунай Шоқанды өте жақсы ойнап, қажет жерінде импровизациялады" - дейді Владимир Беляйкин.
Тундыда Абай, Бетховен, Моцарт, Чайковскидің музыкалары және орыстың көне каторжан әндері орындалды.
Фильмнің түсірілім тобы: "Мир путешествий" компаниясы, сценарий авторы – Евгений Попов, оператор – Александр Капков.
Сондай-ақ, фильмді түсіруге белгілі ресейлік музыкант виолончельшілер – Владимир Словачевский мен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Сергей Словачевский, халықаралық конкурстардың лауреаты скрипкашы Рената Бакхрах, халықаралық байқаулардың лауреаты Алексей Жуков жетекшілігімен Санкт-Петербургтің Атос қонысының хоры қатысқан.
Т. Раушанұлы