«Тарковский – кинематография құдайы»
режиссёр әрі продюсер Дэнни Бойл
XX ғасырлың ұлы режиссері Андрей Тарковскийдің 85 жылдығына орай "Арман" кинотеатры автор туындыларының ретроспективті көрсетілімін ұйымдастырғалы отыр. Төрт күнге созылатын шарада Тарковский фильмдері алғаш рет сандық үлгіде ұсынылмақ.
Режиссер түсірген әр фильм елді елең еткізетін. Оның туындылары тек кино әлемі ғана емес, жалпы өнер атаулының алға жылжуына негізгі себепкерлердің бірі болды.
Тарковскийдің "Страсти по Андрею" аталатын кинолентасы кино тарихындағы үздік 100 картина қатарына енді. 1971 жылы бұл кинофильм "Андрей Рублев" деген атаумен прокатқа шықты. Орыстың ұлы икон жазушысы туралы туынды арқылы Тарковский тек суретші есімін ғана емес, өзінің де атын мәңгілік тақтасына қашап жазды. Аталмыш картина "Арман" кинотеатрында 1 сәуір күні сағат 17:00-де көрсетіледі.
Тарковский шығармашылығында Станислав Лема мен ағайынды Стругацкийлер сынды фантаст жазушылардың алар орны бір төбе. Себебі, олардың романдары негізінде түсірілген "Солярис" және "Сталкер" фильмдері философиялық ой-толғамдар бағытына әсер етіп, пікірталастар туғызды. Осы екі фильмнің ортасында Тарковский "Зеркало" аталатын автобиографиялық картинамен жұмыстанған болатын.
"Солярис" 2 сәуір күні сағат 17:00-де, ал, "Сталкер" 4 сәуір күні 19:50-де көрермен назарына ұсынылатын болады. "Зеркало" фильмінің көрсетілімі 3 сәуір сағат 19:50-ге жоспарланып отыр.