VIII студенттік және дебюттік халықаралық «Бастау» кинофестивалі жеңімпаздарды жариялады. Фестивальдің тарихында алғаш рет қысқаметражды фильмдермен (Bastau Shorts) қатар дебюттік толықметражды (Bastau Debuts) қартиналар да бақ сынады. Аталған бағдарламағаЕуропа елдері, жақын және алыс шетелден ондаған толықметражды фильм қатысқан.
Bastau Debutsтолықметражды дебюттік фильмдербайқауының халықаралық қазылар алқасы құрамында ресейлік кинорежиссер, сценарист және продюсер Михаил Сегал (төраға), киносыншыРоберто Куэто (Испания), продюсер Денис Васлин (Нидерланд), театр және кино актриса Нелли Уварова (Ресей), актер және продюсер Фархат Абдрайымов (Қазақстан) жұмыс атқарды және жүлделерді төмендегідей үлестірді:
Үздік фильмге Гран-при: «Қабірлерді қозғау» (режиссері Чон Сын-о, Оңтүстік Корея);
Үздік режиссура жүлдесі: «Ыңырсу» (режиссері Доминик Сангма, Үндістан, Қытай);
Қазылардың арнайы жүлдесі: «Мәриам» (режиссері Шәрипа Оразбаева, Қазақстан);
Үздік ер адам рөлі үшін жүлдесі: үлестірілмеді;
Үздік әйел адам рөлі үшін жүлдесі:
• «Көңілден кеткен», актриса Юдита Франкович, режиссері Миха Маззини (Словения, Хорватия, Сербия);
• «Пәк қыздар», актриса Джой Ригер (режиссері Керен Бен Рафаэль, Израиль, Франция, Бельгия);
Қазылардың арнайы аталымы: «Бәрі де анам үшін» (режиссері Малгожата Имельска, Польша).
Биыл Bastau Shortsқысқаметражды фильмдер байқауына қатысуға өтінім жолдаған ұсынымдар былтырғыға қарағанда көп келіп түскен. Әлемнің 44 елінен 360 картина қатысқан. Фестивальдің халықаралық әлеуетінің артқанын осыдан байқауға болады.
Бұл байқаудың жеңімпаздарын төмендегі халықаралық қазылар алқасы таңдады: режиссер, сценарист, кинопродюсер Гела Баблуани (Франция), актриса Рано Шодиева (Өзбекстан), кино және театр актеріАлександр Пашков (Ресей) және режиссер Шәрипа Оразбаева (Қазақстан). Аталған байқаудың жүлделері төмендегідей үлестірілді:
Үздік қысқаметражды деректі фильм жүлдесі: «Ауыл күйі», режиссері Әсел Сыдықова (Қырғызстан);
Үздік қысқаметражды анимациялық фильм жүлдесі: «Ақыры драмаға толы», режиссері Кериха Арнэ (Латвия);
Үздік қысқаметражды көркем фильм жүлдесі: «Сатушы», режиссері Сречита Дас (Үндістан);
Қазілар алқасының арнайы жүлдесі: «Дипломмен ауылға», режиссері Самғар Рахым (Қазақстан).
Аталған байқаудың киноленталары әдеттегідей студенттік қазылардың жүлдесіне таласқан. Биыл оған 7-Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің Гран-при иегері Әлішер Жәдігеров төрағалық етті.
Студенттік байқаудың қазылары режиссер Лаура Тамошюнайтенің(Литва) «Бақыт жанымнан өтіп бара жатқанда ұйықтап жатқам»фильмін үздік қысқаметражды фильм дептанып, Гран-приді берді.
Ал қазылардың анрнайы жүлдесі Мартинс Гаусиштің «Көжек»(Латвия) фильміне бұйырды.
Айта кетелік, «Бастау» кинофестивалінде биыл сонымен қатар жаңа бағдарлама Bastau Docs-әлемнің үздік деректі фильмдеріне арналған бағдарламаашылған болатын. Бағдарлама шеңберінде 10 елден (Иран, Қазақстан, Ресей, Норвегия, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Польша, Беларусь) 10 деректі фильм көрсетілді. Бағдарламаны ТМД елдері, Балтика және Скандинавия елдерінеMultimedia Promotion кинокомпаниясыныңШвециядағы,фильмдерді дистрибуциялау мен сатып алу жөніндегі директоры Борис Шульман жүргізді.
Ораз Әбішев атындағы жүлде екі бірдей картинаға табысталды. Бірі үздік деректі фильм деп танылған Армения режиссері Арсен Аракелянға «Айна арқылы» фильміне берілсе, екіншісі студенттік кино бағдарламасына қатысқан режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» атты деректі фильмі үшін берілді.
Салтанатты табыстау рәсімі соңында «Бастау-2019» ХКФ президенті Сергей Әзімов сөз алып, келген қонақтар мен фестивальдің серіктестеріне алғыс білдіріп, биыл киножиын ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атаған Жастар жылы аясында өткенін баса айтты.
Студенттік және дебюттік фильмдер халықаралық «Бастау» кинофестивалі халықарылық және кәсіби байланысты орнатып, шығармашыл жастар мен тәжірибелі мамандардың пікірін ортаға салатын алаң.
Биылғы фестивальдің құрметті қонақтары: деректі кино және ТВ Гильдиясының президенті, Заманауи өнер Институты«Режиссура және ТВ» факультетінің көркем жетекшісі Алексей Ханютин (Ресей); өнертанушы, режиссер, Ресей-Армян университетінің доценті Арсен Аракелян; Грузин ССР еңбек сіңірген қайраткері, танымал кинорежиссер Ираклий Квирикадзе. Айта кетелік, салтанатты табыстау рәсімінде фестиваль президенті Сергей Әзімов қазақ киносына қосқан үлесі үшін жүлдесімен Ираклий Квирикадзені марапаттады.
Фестиваль аясында қазылар алқасы және фестиваль қонақтары студенттердің кәсіби тәлім алуы мақсатында түрлі шеберлік сабақтарын өткізді. Сабақтар барысында студенттер кино туралы көптеген қажетті ақпаратқа қанық болды. Мәселен, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттеріне заманауи киноөндірістегі мәселелер туралы өнертанушы, режиссер, Ресей-Армян университетінің доценті Арсен Аракеляндәріс берді. Армениядағы Американ Университетінің оқытушысы, режиссер, актриса Армине Анданың «Питчинг өнері» атты шеберлік сабағы табысты өтті.
Сондай-ақ фестиваль шеңберінде Орталық Азиядағы ко-өндірістің ерекшеліктеріне және цифрлы төңкеріс заманындағы деректі кино мәселелеріне арналған шеберлік сағаттары өтті. Әсіресе студенттерге Eastwood Agency өкілдері Ханна Мироненко мен Ольга Баженованың фестивальдік жылжыту туралы өткізген кездесуі студенттерге ерекше әсер етті.
Студенттер шығармашылық кештерге де аса қызығушлық танытты. Мәселен, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қабырғасында ресейлік актерлер Нелли Уварова мен Александр Пашковтың кеші ұйымдастырылған болатын.
«Бастаудағы» маңызды шаралардың бірі - Халықаралық киномектептер ассоциациясына жаңа мүшелерді қосауға қатысты меморандумға қол қою рәсімі. Биыл оған Ресейдің, Арменияның және Непалдың үш киномектебі мүшелікке кірді.
Фестивальдің ерекше оқиғасы ретінде Олег Борецкийдің киноклубында дебюттік фильмдер халықаралық қазылар алқасының төрағасы, ресейлік режиссер Михиал Сегалмен шығармашылық кездесу өтіп, оның «Пілдер футбол ойнай алады» картинасы көрсетілді. Және қысқаметражды фильмдер қазыларының төрағасы Гела Баблуанидің «Ақша» фильмі «Тұран» университетінің студенттеріне ұсынылды. Картина оқыс тонаудан кейін өмірлері күрт өзгерген үш ұры туралы баяндайды.
Bastau KZ байқаудан тыс бағдарламасын көрермендер қуана қарсы алды. Алтыншы желтоқсанда Bekmambetov Cinema кинотеатрында 35-ші Варшава кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысқан Әділхан Ержановтың «Атбайдың ұрысы» фильмінің көрсетілімі аншлагпен өтті. Және аталған бағдарламада режиссер Бағдат Мұстафиннің «Қайық» деректі фильмі де көрсетілді.
«Бастау» кинофестивалі Алматы қаласының Әкімшілігі, Tanaris Production компаниясы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, A Teamкомпаниясы,«Тұран» Университеті мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен ұйымдастырылды.