2022 жылдың 29 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында Алматыда X Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдерінің кинофестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде Tanaris Production кинокомпаниясы - Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен.
Мерейтойлық фестивальге қатысу үшін мыңнан астам өтінім келіп түсті. Нәтижесінде 1000-нан астам өтінімнің ішінен іріктеу комиссиясы әлемнің 40 елінен 53 конкурстық жұмысты анықтады. Байқауға Жапония мен Египет, Греция мен Палестина, Франция мен Катар, Израиль және Германия кинематографистері қатысады. Толық негізде биылғы жылы мерейтойлық "Бастау" географиялық рекорд орнатты деп айтуға болады.
Фестивальдің ашылуына арналған баспасөз конференциясының спикерлері:
Сергей Әзімов - "Бастау" кинофестивалінің президенті.
Азамат Сатыбалды – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры.
Диана Әшімова – "Бастау" кинофестивалінің арт-директоры.
Георгий Овашвили (Грузия) – толықметражды фильмдер байқауының қазылар алқасының төрағасы.
Елкин Түйчиев (Өзбекстан) - қысқаметражды фильмдер байқауының қазылар алқасының төрағасы.
Қалила Омаров (Қазақстан) - деректі фильмдер байқауының қазылар алқасының төрағасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету. Фестиваль президенті Сергей Әзімов атап өткендей, «Бастау» жас режиссерлер мен сценарийстерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсынады. «Бастау» он жыл бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді және фестивальдің кәсіби және тату командасының арқасында барлық қиындықтардан сәтті өтуде.
«Сондықтан біз үшін басты идея, негізгі тұжырымдама мынандай болды: біз бәріміз – ұйымдастырушылар, басшылар – ең жоғары кәсіби мағынадағы қызмет көрсетуші персонал болуымыз керек. Біз осы оқиғаның басты кейіпкерлері – авторлар, режиссерлер, операторлар, драматургтер, жас актерлер айналасында құрылған инфрақұрылымды жасаймыз. Мұның бәрі олар үшін. Біз оларға осыны сезіндіруіміз керек«, – дейді ол.
Осы жылы «Бастауда» жаңашылдық көп. Жаңа жүлде пайда болады. Биылдан бастап ең үздік қысқаметражды фильм авторына Қалықбек Салықов атындағы сыйлық беріледі. «Бастау» президенті Сергей Әзімовтің айтуынша, «Қазақтың жаңа толқыны» дәл осы «Балкон» фильмінен басталды және оның авторының құрметіне сыйлық тағайындау әділетті шешім. Бұл «Бастауда» берілетін жалғыз атаулы марапат емес. Фестиваль аясында дәстүрлі түрде үздік деректі фильмге Қазақстан деректі киносының белді қайраткерлерінің бірі, Қазақ КСР халық әртісі, режиссер Ораз Әбішев атындағы сыйлық беріледі.
Сонымен бірге, фестивальде алғаш рет NETPAC қазылар алқасы жұмыс істейтін болды - бұл 30 елден тұратын Азия киносын ілгерілету жөніндегі бірлестік. NETPAC бүкіл әлем бойынша бірнеше ондаған кинофестивальдерде берілетін "Үздік азиялық фильм" арнайы сыйлығын табыстайды. Осы жылдан бастап мұндай марапат "Бастау" үшін де берілетін болды. NETPAC қазылар алқасын осы ұйымның басқарма мүшесі, киносыншы Гүлнара Әбікеева басқарады. Сонымен қатар, қазылар алқасының құрамына NETPAC мүшелері болып табылатын қазақстандық продюсер Ольга Хлащева мен қырғызстандық киносыншы Гүлбара Толомушова кірді.
Мерейтойлық фестиваль қонақтарын қызықты бағдарлама күтуде. Фестиваль барысында көрермендер көре алатын қазақстандық картиналарға тоқтала кетсек. Фестивальде Асқар Ұзабаевтың "Бақыт" лентасы көрсетіледі. Картина 72-ші Берлин кинофестивалінің "Панорама" бағдарламасында басты марапатқа «Көрермендер көзайымы сыйлығына» ие болды. Осы секцияда Әділхан Ержановтың "Адемоканы оқыту" картинасымен қазақстандық және ресейлік кинематографистердің бірлескен "Тарлан" атты туындысы бар. Екі фильмде Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.
Фестивальдің толықметражды фильмдер байқауына Эльдар Шибановтың «Тау жуасы» дебюттік фильмі қатысады. Бұл картинаның қазақстандық тұсаукесері. 2021 жылы бұл фильмнің жобасы Италияның Мәдениет министрлігінің қолдауымен құрылған Венеция биенналесіндегі кинозертхана – Biennale College Cinema өткізген конкурстың финалисі болды. Ал 2022 жылдың қыркүйегінде әйгілі Венеция кинофестивальде оның әлемдік премьерасы өтті.
Сондай-ақ, деректі жобалардың конкурстық бағдарламасына қатысатын Виктор Вилковискийдің «Теңіздің оралуы» ғылыми-деректі фильмі көрермендерге Арал теңізі туралы көптеген жаңалықтарды жеткізуге арналған. Ал фестивальдің жабылу фильмі ретінде Мәди Балжановтың «Сүтті қыз» толықметражды дебюттік фильмі белгіленді. Бұл романтикалық комедия, оны бүгінде сыншылар «Қазақстанның Амелиі» деп те атап кеткен. Соңғы екі фильм де Киноорталықтың қолдауымен түсірілген.
Биылғы жылы фестиваль режиссер Яна Скопинаның «Жаздың соңы жақында» атты фильмінің қазақстандық премьерасымен ашылады. Бұл оның толықметражды дебюті. Яна – «Бастау» түлегі оның алғашқы жұмысы – «Ты что-то прячешь в кулаке» атты қысқаметражды фильмі V «Бастау» ХКФ-да үздік деп танылған. 2015 жылы жүлдені жеңіп алғанда ол сахнада үлкен картинамен осында оралуға уәде берген еді.
Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Тұран» университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Қазақстан», «Ел Арна», «Алматы», СТВ телеарналары, «Эльдорадио» радиосы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Новая газета», «Аргументы и факты Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Вечерний Алматы» басылымдары, «Tengrinews», «Massaget», «Экспресс K», «365 info», «Orda.kz», «Kazakh24.info», «Tengri Lifestyle» интернет порталдары.
Фестиваль жаңалықтарын bastauiff.com сайтынан және біздің bastauiff – Instagram және Facebook парақшаларымыздан қарай аласыз.