Кеше Алматыда Дмитрий Киселевтің «Алғашқылар дәуірі» фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Алғашқылар дәуірі» адамзаттың тұңғыш рет ашық ғарыш кеңістігіне шыққан әлем тарихындағы елеулі оқиға туралы сыр шертеді.
Басты рөлдердегі Евгений Миронов (Алексей Леонов) пен Константин Хабенскийдің (Павел Беляев) актерлік шеберлігі мен Дмитрий Киселевтің режиссерлік өнерін ұштастырған фильм жұртшылық көңілінен шықты.
«Алғашқылар дәуірі» фильмінің қазақша дубляжы да бұрын-соңды жасалған фильмдердер әлдеқайда озық.
Қазақша дубляжының режиссері Айжан Жамшитова болса, басты кейіпкерлердің дауысын Азамат Қанапия (Алексей Леонов), Ғани Құлжанов (Константин Хабенский), Бақытжан Нұрпейісов (Сергей Королев) т.б. салды. Дубляж жасаушы топта барлығы 25 актер болды.
Ашық ғарыш кеңістігі туралы ана тілімізде сөйлеген алғашқы фильм жоғары сапасы мен адамды елітіп әкетер айрықша әдіптелуімен баурап, оны қайта көруге деген құлшынысты оятады.