- Негізгі бет
- Кино
- Алғашқы көрсетілімінде бар...
Алғашқы көрсетілімінде бар болғаны $ 126 жинаған фильм
Тамыз айында көптеген кинотеатрларда "Жас миллиардерлер клубы" аталатын картина прокатқа шықты.
Америкалық The Hollywood Reporter басылымының хабарлауы бойынша, крминалды драма алғашқы көрсетілімінде бар болғаны $ 126 жинаған екен. Америкада кино билетінің бағасы орташа есеппен 12 доллар тұратынын ескерсек, картинаны бірінші күні тек 10 адам ғана қараған.
Бұған фильмнің кинотеатрдағы прокатқа дейін онлайн қолжетімді болуы — негізгі себеп. Сондай-ақ, ол Нью-Йорк немесе Лос-Анджелес сияқты үлкен шаһарларда емес, Жаңа Орлеан, Феникс, Детройт, Майами мен Сарасот секілді шағын қалашықтарда ғана көрсетілген. Жалпы, фильм көпшілік көңілінен шыға қоймағанға ұқсайды, өйткені, Rotten Tomatoes киноресурсында "Жас миллиардерлер клубы" 13 % нәтиже көрсетті.
А. Оралқызы