Алғашқы қазақстандық "Ер Төстік пен Айдаһар" 3D мультфильмі түсіріліп бітті. Бұл туралы жоба режисері Жәкен Дәненов Tengrinews.kz сайтының тілшісі Эльвира Каиповамен құрған сұхбаты кезінде айтты.
Шығармашылық топ бұл туынды үшін 3 жыл еңбек етіпті. 15 адам бірігіп айналысқан картинаға музыка жазған Руслан Қара атты компзитор.
Мұндай үш өлшемді анимация көлемді объектілердің суретін қолмен салуды қажет етеді, сонымен қатар, қозғалыстар motion capture әдісі арқылы бейнеленеді. Айта кетелік, әлемге танымал болған "Аватар", "Тинтинның бастан кешкендері" мультфильмдері осы принциип бойынша түсірілген.
Анимацияның сюжеті Ер Төстік эпосының мазмұнына негізделген. "Қазақ ертегілерінің ішінен балалар аудиториясына лайық деп тапқан сюжеттерді ғана ұсындық. Сонымен қатар жанр заңдылықтарын бұзбауға тырысып, толықметражды мультфильмнің ережелерін сақтадық", - деді режисер.
Басты рөлдегі персонажды танымал актер Дулыға Ақмолда дыбыстады. Ер Төстіктің саяхаты кезінде жол бойы көмектесіп, жәрдем еткен басқа персонаждарды Азамат Қанапияев, Бейбіт Муслимов, Ержан Түсіпов дыбыстады. Жобаға, осылармен қатар, Эльдар Отарбаев, Мерей Әжібеков, Қадырбек Демесін, Лида Кәден қатысты.
Мультфильмнің премьерасы үстіміздегі 2012 жылдың күзіне жоспарланып отыр.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kazakhfilmstudios.kz