Альфонсо Куаронның Рим аталатын драмасы биылғыВенеция кинофестивалінде үздік танылып Алтын арыстанды алған болатын. Енді Оскар марапатының Үздік шетелдік фильм номинациясынан үмітті. Режиссер үшін бұл соншалық тансық жағдай емес, өйткені, бұрын Гравитация фильмі үшін Оскар иеленсе, Сенің анаңды да картинасы үшін Венеция кинофестивалі жүлдегері болған. Жаңа туындысына тоқталатын болсақ, Рим Мексикада орташа әлеуметтік топ тұратын аудан атауы. Фильм 1970 жылдардан сыр шертеді. Оқиғаның 90% өзімнің жеке естелігім бойынша жазылған. Фильмде Мексиканың қалыптасу кезеңі баяндалады,- дейді Куарон. Римнің премьерасы биылғы Венеция кинофестивалінде өтеді. Үлкен экрандарға жылдың соңында шығады деп жоспарланып отыр. Картина Netflix платформасына жүктеледі. Оны 14 желтоқсаннан бастап интернет арқылы тамашалау мүмкіндігі пайда болады.