Әлемдік киностудиялардың логотипі қалай жасалған?

Әлемдік киностудиялардың логотипі қалай жасалған?
Фото: http://www.novate.ru

Кейде фильмнің керемет боларын оның киностудиясына қарап аңғарамыз. Ал, киностудияны халық оның логотипіне қарап аңғарады. Бірақ, олардың тарихы туралы біле бермейді.

"DREAMWORKS"

1994 жылы режиссер Стивен Спилберг, Диснейдің директоры Джефри Кацберг және музыкалық продюсер Дэвид Гэффит жаңа киностудияның негізін қаламақ болады. Компанияның алғашқы логотипін компьютердің көмегіне сүйеніп жасауды ойлайды: бастапқыда балық аулап отырған ер адам бейнеленуі тиіс болатын. Бірақ суретшілердің бірі дәстүрлі сурет өнерін қолдануды ұсынады.

цу

Логотип дайын болған шақта суретшілердің бірі логотиптің өзге нұсқасын ұсынады. Айға қармақ құрып отырған ер адамның орнын кішкентай бала алмастырған логотип бірден Спилбергтің көңілінен шығады.

Баланың бейнесі логотипті жасап шыққан суретші Роберт Ханттың ұлының прототипі ретінде жасалды.

"Paramount Pictures"

Әйгілі компания 1912 жылы инвестор Адольф Цукр мен театр магнаттары ағайынды Фромандардың көмегімен өмірге келеді. Paramount Pictures компаниясының логотипін жасап шығарған суретшінің есімі – Уильям Хоткинс. Ол өзінің туған жері, балалық шағының куәгері болған Юта штатында орналасқан Бен-Ломонд тауын логотиптің негізгі символы етіп алады.

фы

Бастапқыда логотипте 24 жұлдыз бейнеленген. Олар компания құрыла салысымен келісімшартқа отырған актерлердің санын білдіреді. Бірақ, қазіргі сәтте, неге екені белгісіз, небәрі 22 жұлдыз қалған.

"Columbia Pictures"

1924 жылы осы компанияның негізі қаланды. Логотиптегі әйел образы  Американы бейнелейді. Бастапқыда қателіктер көп орын алғанымен, 1984 жылы бұл логотип қайта өңделеді. Жазу ұзарып, артқы бейнеде бұлтшалар пайда болады.

sd

Ал қазіргі қолданыстағы логотип 1993 жылы жаңарды. Әйелдің бейнесін сомдаған қарапайым үй шарушалығымен айналысатын Дженни Джозеф атты әйел болса, музыкалық сүйемелдеген – композитор Джонатан Элис.

"Metro Goldwyn Mayer"

«Арыстан Лео» жобасын жүзеге асырған ақын Гарвард Диетс еді. Алғашқы жұмысы 1924 жылы жарық көрді. Бұл арыстанның рөлін сомдаған жыртқыштардың саны – бесеу. Бірінші болған Слатс ақырған дыбыс шығармайтын. Жай ғана логотипті әшекейлеу құралы болған. Екінші Джеки есімді арыстан тұңғыш рет логотипте ақырған дыбысы арқылы жарқ етті. Дегенмен, ол уақыттарда фильмдерде тіл қатпайтын. Сондықтан оның жұлдызы жана қоймады. Үшінші арыстан Таннер деп аталса, төртінші арыстан туралы мәлімет жоқ.

as

Сіздер көріп жүрген арыстанның есімі – Лев.  Ол бұл логотипке 1957 жылы енді.

 "Walt Disney Company"

ad

Ағайнды Уолтер және Рой Дисней 1932 жылы Disney компаниясының негізін қалады. Оның логтипін барлығы білгенімен, бейнеленген қорған тарихын көп адам біле бермейді. Бұл әйгілі «аққу қорғаны» деп аталатын Нойшвантейн қамалы. Бұл ғимарат әлемдегі ең ірі киностудияның белгісіне айналды. Бірақ, логотип тек 2006 жылға дейін қолданылды. Кейін оны Күлбикенің қамалы ретінде танымал болған Шото Дюссе қамалымен алмастырды.

Т. Есқали