Кейде мағыналы бір кино көрсеңіз, бір кітапты оқып бітіргендей рухани азық аласыз. Санаулы 1-2 сағат ішінде көрген кино өміріңізге өзгеріс енгізіп, болашаққа жол көрсетуі мүмкін.
Киноны толықтай қабылдап, айтылар ойды жете түсіну үшін қайда отырып, қандай жағдайда көргеніңіз де маңызды. Үйдегі у-шудан қашып, кинотеатрға барсақ, ол жерде де осы оқиға қайталанып, "мұртқа өкпелеп жүргенде, сақал шықтының" күйін кешіп жатамыз. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен, біздің кинотеатрларымыздың көбі егіз қозыдай бірі-бірінен аумайды. Ал әлем елдеріндегі мынадай ғимараттар біздің жерімізде де бой көтерсе, сіздің көңіліңізден де шығары анық. Ендеше, кім-кімді болса да қызықтыратын, әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан осындай ғажайып кинотеатрларын тамашалаңыздар!
Дисней студиясына қарасты Sci-fi кафе-кинотеатры, Голливуд
Electric кинотеатры, Ноттинг-хилл
Paramount кинотеатры, Окленд, Калифорния
Orinda кинотеатры, Калифорния
Olympia кинотеатры, Грекия
"Кино қаласы" кинотеатры, Иерусалим, Израиль
Grauman Қытай кинотеатры, Лос-Анджелес
Fox кинотеатры, Окленд
Париж кинотеатры
Newport Ultra кинотеатры, Ньюпорт
Crest кинотеатры, Лос-Анджелес
Santa Coloma кинотеатры, Барселона
"Кино кинотеатры", Ришон-ле-Цион, Израиль
Orange киноклубы, Бейжің
Сіздіңше, біздің кинотеатрларға не жетіспейді? Осы дамыған сырт елдерден тәжірибе алмасатын уақыт жеткен шығар мүмкін?
Оқи отырыңыз:
1. Бұл жылы қандай комедиялар көрерменге жол тартады?
2. «Хоббит: Бес алыптың шайқасы» фильмі қалай түсірілді? (Видео)
3. "Америкалықтарша тонау" фильмі көрермендерге жол тартты
4. 2014 жылғы ең бай киножұлдыз кім деп ойлайсыз?
Сурет: mixstuff.ru