1896 жылы түсірген алғашқы фильмнен кейін ағайынды Люмьерлер кадрларды түрлі-түсті етіп бояуға кірісті. Алайда, бұл туралы көпшілік қауым білмеді.
19 ғасырдағы кадрларды бояу техникасы қазіргі техникамен салыстыруға келмейді. Себебі, сол заманда кадрларды бояу үшін 3-4 түс қана пайдаланылатын. Соған қарамастан кинематограф саласы біртіндеп дами бастады.
1912 жылы Герберт Каламус «Техноколор» компаниясын ашып, түрлі-түсті кинематографтың негізін қалады. 1917 жылы «техноколор» әдісімен түсірілген оның алғашқы киносы жарық көрді. Одан ертерек 1902 жылы «Айға сапар» кадрларында қара мен ақ түстерімен қатар, жасыл және қызыл түстер қолданылған. 1914 жылы Англияда «Әлем, тән және шайтан» («Мир, плоть и дьявол») фильмі түрлі-түсті болса да, фильм толық метражды болмады. 1916 жылы Германияда түрлі-түсті кинолар түсірілді.
1922 жылы кинематограф саласында үлкен жаңалық болды. Жарыққа түрлі-түсті форматта «Теңіз құрбандары» («Жертвы моря») фильмі шығып, кинотеатрлардан көрсетіле бастады. Фильмде қызыл, жасыл қара, ақ түстері пайдаланылған. Бұл фильмнен кейін барлық операторлар «техноколор» әдісіне көшті. 1923 жылы «Он уағыз» («Десять заповедей») киносы түсірілді. Ал алғашқы толық метражды үш түсті фильм 1945 жылы шықты. Ол - режиссер Игорь Савченконың «Иван Никулин – русский матрос» киносы.
Түрлі-түсті кино түсіру қажырлы еңбек пен үлкен қаражатты қажет ететіндіктен фильм сирек түсірілді.
1934 жылы «La Cucaracha» түрлі-түсті фильмі жарыққа шықты. 1935 жылы әлемдегі ең алғашқы түрлі-түсті фильмі деп режиссер Рубен Мамулянның «Бекки Шарп» толық метражды киносы танылды.
Суреттер rudata.ru, cantarafilms.blogspot.com, moviepostershop.com ғаламтор беттерінен алынған