- Негізгі бет
- Кино
- Алдағы демалыста қазақстандықтар...
Алдағы демалыста қазақстандықтар қандай кино көре алады
Energyprom.kz Қазақстандағы ең қымбат кинозалдардың рейтингін жариялады. Онда қай қалада кино билеттері қымбат екені көрсетілген.
Бір жылдың ішінде киноның билеттері бір пайызға өскен. Ең арзан билеттер Орал мен Қарағандыда, ал ең қымбаттары Атырау, Астана мен Көкшетауда сатылады (1,5 мың теңгеден бастап). Тамыз айында Қазақстан тұрғындары орта есеппен бір адам басына шаққанда 1230 теңгені киноға жұмсаған.
Алдағы демалыста ел кинотеатрларында қандай кинолар көрсетіледі?
Киносүйер қауым Альберт Хьюздің "Альфасын" (АҚШ), Питер Бергтің "22 милиін" (АҚШ) және Дрю Пирстің "Артемида" қонақүйі" атты (Ұлыбритания) киносын тамашалай алады.
Комедияны ұнататындарға "Көгілдір шегіртке" мен ресейлік Роман Каримовтың "Туған күн!" атты кинолары ұсынылады.
Қорқынышты кино көргісі келетіндер Сильвен Уайттың (АҚШ) "Слендермен" киносына, жапониялық режиссер Такеши Китаноның "Соңғы былық" киносына, "Ханшайым мен айдаһар" (Ресей) мультфильмі мен малайзиялық "Вилла мен мықты көліктер" киносына барса болады.
30 тамыздан бастап Хань Яньның (Қытай) "Жануарлар ғаламшары", Карлус Лиегостың (Бразилия, Португалия мен Францияның бірлескен туындысы) "Мистико шоуы", "Бойдақ Виктор Левинді қалай үйлендіруге болады" (АҚШ) киносы, Егор Барановтың (Ресей) "Гоголь. Қорқынышты кек" киносы және қазақстандық Дархан Сәркеновтың "Екі адамға арналған бап" туындысы жарыққа шығады.
Дереккөз:Today.kz.
Т. Раушанұлы