Өткен жолы Квентин Тарантино шығармашылығында жаңа туынды пайда болатынын хабарлаған едік. Кейін сол картинаның түсіріліміне Леонардо ДиКаприоның шақырылғаны да белгілі болған. Енді түсірілімге қатысатындар қатарында атақты Аль Пачиноның да бар екені анықталды. Кинодағыпостмодернизмнің көрнекті өкілдерінің бірі Тарантиноның көпшілік асыға күткенфильмінеParamount, Sony және Warner Bros сынды алпауыт киностудиялар таласқан еді. Картина сюжеті есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған.Біз айтып отырған Мэнсон америкалық кісі өлтіруші, музыкант, Отбасы қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссерРоман Поланскидіңаяғы ауыр жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген.Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді осыдан 5 ай бұрын жазып бітірген. Енді түсірілімге қажет $ 100 миллион қаржыны жоғарыда аталған киностудияның бірі береді. Квентин Джером Тарантино америкалықкинорежиссер,сценарийші,кинооператор,актержәнекинопродюсер. Тарантино1994 жылыҚойыртпақ шығармасы фильмі шыққаннан кейін әлемге әйгілі болды. Канн кинофестивалініңАлтын пальма бұтағы, Оскар, Алтын глобус, BAFTAжәне тағы басқа көптенген марапаттарының лауреаты. The Guardianжурналы оны әлемдегі ең үздік 40 режиссерлердің тізімінде 17 орынға қойды. Тарантиноның америкалық кинематографистердің алдыңғы ұрпағынан айырмашылығы, ол кино өнерін өздігінен зерттеп үйренді. Оның кинематографиялық мәнері поп-мәдениет және артхаустық киноның өзіндік қосылу әсерінен дамыды. Тарантиноның барлық фильмі өзіне ғана тән, басқа режиссерлермен шатастырмас айрықша мәнері бар. Ең алдымен, ол ретсіз құрылым: дәстүрлі баяндаудан ауытқу, зорлық-зомбылықты эстетикалық көркемдеу және ұзақ диалогтар. Фильмдерде жарнама орналастыруын жек көргендіктен, ойдан шығарылған брендтерді жасайды. Мысалы, оның бірнеше фильмінде Red Apple темекісі бар. Кейіпкерлері көбіне қара түсті шалбарлы костюм киеді. Басты кейіпкерлері кем дегенде бір ірі қылмыс жасаған (көбінесе кісі өлтіру, кейбір фильмдерде қарақшылық). Ол барлық дерлік фильмде лақап және бүркеншік аттарды пайдаланады. Кейіпкерлер кафе немесе мейрамханада отырып тамақ туралы әңгімені жиіайтады.Тарантино туындыларында ол сүйіп өскен фильмдерге сілтемелер бар. Оның фильмдерінде Мексикалық тұйық сценасы бар. Мексикалық тұйық ол үш немесе одан да көп адам бір мезгілде бір-біріне қару бағыттауы. Тарантиноны сыншылар тарапынан жақсы бағаланған және ең табысты режиссерлер қатарына жатқызуға болады. Режиссер жарқын және есте қаларлық бірнеше бейнелер тудырып, кино әлеміне өз эстетикасын және белгілі бір тартымдылық енгізді. Алайда, Тарантино әртүрлі уақытта және әртүрлі себеппен қатты сынға ұшырап та келеді. Квентиннің жанкүйерлері және табынушыларымен қоса, көптеген жек көрушілері де бар. Тарантино басқа мәдениеттерге тым әдепсіз қатынасы үшін сыналды. Оның фильмдеріндегі кейбір сөйлемдер нәсілшілдік ретінде қабылдануы мүмкін. Әсіресе, ол режиссер көп қолданылатын ниггер сөзімен байланысты. Сонымен қатар, режиссер фильмдерде шамадан тыс зорлық-зомбылық көрсетілуі үшін айыпталады. Бірақ кейбір сыншылардың айтуынша Тарантино зорлық-зомбылықты көрермендерде күшті сезімдер туғызу үшін қолданадыжәне оны баяндау құралы ретінде қолданады. Оның фильмдерінде тым көп диалог бар екені жиі айтылады және кейбір көрермендер оларды қызықсыз деп санайды.