Жылда ұйымдастырылатын АҚШ актерлер Гильдиясының марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл шарада ирландиялық режиссер Мартин Макдонахтың Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд картинасы үздік деп танылды. Фильм сюжеті бойынша, әйел адам қызын өлтірген қанышерді таба алмаған жергілікті билік өкілдерімен әділеттілік үшін күреседі. Картинада басты рөлді Фрэнсис Макдорманд сомдайды. Ол да Гильдия шешімімен Үздік актриса атанды. Үздік актер ретінде Гэри Олдман танылды. Ол Түнерген кезең фильмінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, тарихи тұлға Уинстон Черчилльді сомдаған. Естеріңізге сала кетейік, Мартин Макдонахтың Миссури штаты, Эббинтонның сыртындағы үш билборд картинасы биылғы Алтын глобус премиясын да жеңіп алған болатын.