Маусым айының үшінші жексенбісінде бүкіл әлем әкелер күнін атап өтеді. Бұл күн ресми бекітілмегенімен, оны тойлайтындар саны жыл өткен сайын артып келеді. Осыған орай кино әлеміндегі әкелер тақырыбын қозғайтын 5 туынды ұсынып отырмыз.
Бақыт соңынан ергендер, 2006
"The Pursuit of Happyness" – 5 жасар баласы үшін жанын аямай еңбек ететін жалғызбасты әке туралы фильм. Сондай-ақ, бұл туынды – ұрпағының алдында үлгі болуға тырысамын деп адам сенгісіз жетістікке қол жеткізген адамның оқиғасы. Басты рөлді сомдаған Уилл Смит "Оскар" марапатына ұсынылған.
Армагеддон, 1998
90-жылдарда атақты болған "Армагеддон" – Жерге алып астероидтың құлауы туралы ғана емес, сонымен қатар әкесі мен қызының қарым-қатынасы туралы фильм. Бір-бірін ұғына білу қасиетінің үлкен апаттан құтқара алатынын көрсетеді.
Өмір керемет, 1997
Канн кинофестивалінің Гран-приі, "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынылу және BAFTA премиясынан "Үздік ер адам рөлі" номинациясын алу, және "Сезар" сыйлығы сынды беделді марапаттарға қол жеткізген "Өмір керемет" траги-комедиясы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Таспа Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде концлагерьге түскен азаматтың ұлына деген шексіз махаббатын "жырлайды".
Әкесымақтар, 1983
Жерар Депардье мен Пьер Ришар – кинематографтағы ең үйлесімді дуэттердің бірі Бұл француз комедиясын осы екі аңыз-актер үшін көруге болады.
Васаби, 2001
"Васаби" – бұл комедия әрі криминалды драма. Басты рөлді Жан Рено сомдайды. Токиолық мафияға қарсы тұратын әке мен қыздың оқиғасы.