Режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмінің трейлері шықты. Фильм өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген жігіттің тағдыры жайында өрбиді. Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Осы жылдар бойы ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Кейіпкердің 45 жыл өмірі экранда өрбиді. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.
Айта кетейік, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған фильмнің алдын ала көрсетіліміне Елбасының өзі қатысты.