Ақан Сатаевқа "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді. "Награданы Ақордаға шақырып берді. Қуаныштымын", - деп жазды режиссер facebook-тегі бетшесінде.
Ақан Сатаев 1994 жылы Алматы қаласында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген. Оқуды бітіре екі фильмге түсті. Сол кездері режиссер, продюсер ретінде жарнамалар түсіруде табысқа жетіп, 300 жарнамалық ролик түсіріп шықты. Сонымен қатар, бірнеше рет "Алтын Жұлдыз" сыйлығын да иеленді. 2003 жылы «Sataifilm» студиясының негізін қалады.
2007 жылы «Рэкетир» атты өзінің алғашқы толықметражды фильмін түсірді. Аталған картина прокаттан 1 миллион 150 мың доллар жинады.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген "Ағайынды" сериалында Ақан Сатаев үш ағайындының тағдырларын қатар баяндайды.
Режисердің кино және теледидар саласындағы сәтті тәжірибелерінен кейін, "Адасқандар" картинасы көрерменге жол тартты.
2012 жылы режиссердің "Жаужүрек мың бала" фильмі жарыққа шықты.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kino24.kz