Академиялық музыкаға қызығушылық танытатындар үшін Леонард Бернстайн есімі тансық емес. Аталған сала бойынша Нобель сыйлығына татырлық Сименс марапатын иеленген өнерпаз туралы бір емес, екі биографиялық фильм түсіріліп жатыр. Екеуінде де композитор рөлін атақты голливуд актерлері ойнайды. Джейк Джилленхол қатысатын картина Америкалық деп аталады. Режиссер Кэри Фукунага оны Хамфри Бертон жазған кітап желісі бойынша түсірмек. Екінші байопик (биографиялық картина) голливуд актері Брэдли Купердің басшылығымен жүзеге аспақ. Бернстайн деп аталатын фильм сценарийін Джош Сингер жазған. Естеріңізге сала кетейік, Леонард Бернстайнның ең атақты туындысы Вестсайд оқиғасы аталатын Бродвей мюзиклі.