- Негізгі бет
- Кино
- Әділхан Ержановтың "Үкілі...
Әділхан Ержановтың "Үкілі Камшаты" Сахалинда көрсетіледі
Әділхан Ержановтың 2014 жылы шыққан "Үкілі Камшат" фильмі әлі де кино бағалаушыларды қуантуда. Режиссердің үшінші толық метражды көркем жұмысы (қазіргі таңда олардың саны тоғызға жетті) алғаш рет 67-ші Халықаралық Канн кинофестивалінің ресми бағдарламасы аясында көрермендерге таныстырылып, тамаша фестивальдық тағдырға ие болды: картина Торонто, Бусан, Варшава және Мәскеуді қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 20-дан астам беделді фестивальдарге қатысып, бірқатар марапаттарға ие болды.
Премьерадан 5 жыл өтсе де, бұл өз үйін қорғауға тырысқан екі ағайынды мен олардың қарындасы туралы баяндайтын сюрреалистік трагикомедия әлемдік киноқоғамдастықтың қызығушылығын әлі де туғызуда. Фильм Сахалинде 23-30 тамыз аралығында өтетін "Әлемнің шеті" фестивалі аясында көрсетіледі. Ержановтың фильмдерінің бұл Сахалинде алғаш рет көрсетілуі емес: өткен жылы оның екі жұмысы бірден сол жерде ұсынылған болатын. "Әлемнің ерке енжарлығы" картинасы конкурстық бағдарламаға қатысып, актер Қуандық Дүйсембаев "Ең үздік ер рөлі" үшін марапатқа ие болған. Ал "Түнгі Құдай" фильмі конкурстан тыс көрсетілді.
Ержановтың өзі осы ресейлік кинокөрмеге жылышырайлықпен қарайды. "Менің ойымша, Сахалин сияқты фестивальдердің арқасында бүкіл әлем бойынша кинематографиялық ойдың таралуы болады, дәл осындай іс-шараларда көрермендер мен авторлық кино бетпе-бет кездеседі. Фестиваль өте сапалы және күрделі киноға бағытталған, сонымен қатар, онда көрермендер көп. Әрине, менің фильмім сол жерде көрсетілетіне қуаныштымын", - деді ол фестиваль туралы.
"Үкілі Камшат" картинасындағы басты рөлдер - 25 жасар Джон, оның ағасы-Ербол және кіші қарындасы Әлияны сомдаған актерлер Ерболат Ержанов, Айдын Сахаман және Әлия Зайналова. Продюсерлер Серік Әбішев пен Ольга Хлащева, ал сценарийді Әділхан Ержанов өзі жазды. Қоюшы-оператор - Еркінбек Птыралиев, режиссермен бірге сондай-ақ қазіргі таңда шығуға дайындалып жатқан "Атбайдың шайқасы" мен аты кейінірек жарияланатын жаңа фильмінде жұмыс істеген. Картинаның қоюшы-суретшісі - Ермек Өтегенов.
"Әлемнің шеті" фестивалі өзін "Әлемнің шетінде де естілетін үлкен кино әлемінің жаңғырығы" және "Батыстың сұрақтарына Шығыстың жауабы" ретінде қарастырады. Ол Сахалинге Канн, Берлин және Венециядан соңғы жаңалықтар әкелуге және оларды азиялық кинематографтың жаңалықтарымен табыстыруға ұмтылады.
А. Оралқызы