- Негізгі бет
- Кино
- Адамдар неліктен көңіл...
Адамдар неліктен көңіл көтеретін бағдарламаларды көруге құмар?
Айналамыз толған шоу-бизнес, эстрада жұлдыздары. Телевидениені қарасаңыз да, газет пен журнал, сайт пен интернет парақшаларын қарасаңыз да, әйтеуір, шоу бизнес өкілдері жайында хабар бір толастамайды. Қарапайым ғана заңдылық бар. Егер белгілі бір тренд үрдіс алатын болса, онда адамдардың да сол тренді ұнататындығында. Сол тәрізді адамдардың да шоу бизнес өкілдері қаптап кеткен көңіл көтеретін бағдарламаларды жақсы көретіндігі мұндай контенттің адамдарға ұнайтындығымен байланысты.
Адамдар көңіл көтеретін бағдарламаларды ұнататындықтан да қазіргі БАҚ осы салаға маманданып алған. Сонымен адамдар неліктен көңіл көтеретін, езуге күлкі әкелетін, қарапайым, көп ойлануды қажет етпейтін шоуларды, бағдарламаларды жақсы көреді?
Мәселелерді ұмыту, қуанышқа бөлену үшін
Көптеген адамдар телевизорды ақпарат қабылдаудың емес, көңіл көтерудің, қуанышты етудің құралы ретінде қабылдайды. Жақсы эмор мен әзіл, күлкі келтіретін әрекет пен қылық адамға күлкі сыйлайды, сол арқылы адам қуанады. Бір сәтке өмірлік қиындықтарын ұмытады. Бұл бағдарламалар тек уақыт құртудың ғана амалы, ешқандай тағлым-тәлім бермейді. Уақытша ғана эмоция сыйлайды. Өшірген соң, бәрі қайтадан қалпына келеді.
Бала көңіліңізді аулау үшін
Адамдардың қуанышты болуға деген ұмтылысы – оның табиғатына тән құбылыс. Өмірден ләззат, рақат алуға деген құлшыныс барлық адамзатқа тән. Рақатқа бөлену үшін де күндіз-түні жұмыс жасаймыз, ақша табамыз. Ол ақшаны жайлылық үшін жұмсаймыз. Сол тәрізді көңіл көтеруге бағытталған бағдарламалар адамды рақатқа, қуанышқа, ләззатқа бөлеу үшін бағытталған. Көңіл көтеру арқылы адам бала тәрізді қуана бастайды, күліп-ойнайды, қалжыңдап, әзілдейді. Әрі бұған еш қысылып, қымтырылмайды. Өйткені мұндай бағдарламалардың рейтингісі жоғары. Демек менен басқа да «балалар» көп екен ғой деген «жылымық» ой одан әрі оны көңілдендіре бастайды.