- Негізгі бет
- Кино
- Адам тануды үйрететін...
Адам тануды үйрететін 5 фильм
Ақылдың ақыны Қадір Мырза Әли "Адам – ең жұмбақ жаратылыс" деген екен. Бұл тұжырыммен толықтай келісуге болатын шығар. Өйткені, өзгенін ойын оқып, әрекетін ұғынбақ түгіл, кей жағдайда өзіңнің не істеп, не қойғаныңды, оның астарын түсіне алмай жатасың. Ал, басқаның әрекеттерінің артында не тұрғаны, санасы мен жүрегі тіпті бөлек ғаламдай. Түпсіз тұңғиықты зерттейміз деп адамзат мистикалық жолдармен бірге психологиядай ғылым саласын да жетілдіруге тырысып бағады.
Жолыңызда кездескендер бет пердесінің артына не құпия жасырғанын білгіңіз кеп, елгезектігіңіз өршіп отыратын болса, сізге арналған тізімдегі сериалдарды тамашалай отырып, көптеген тың білімге қол жеткізетіңізге сенімдіміз.
"Сана" ("Сознание")
Бұл сериалдың сюжеті "Доктор Хаусты" еске түсіреді: өз-өзіне тым сенімді жас дәрігер емдеуде ерекше әдіс-тәсілдер қолданады. Ол науқастардың санасына еніп, олардың жазылуына бастайтын қысқа жолдарды табуға тырысады. Мұндай новаторлық терапия оның айналасындағылар түсіне бермейді.
"Науқастар" ("Пациенты")
Егер сіздің психология саласынан сәл хабарыңыз болса, психотерапевт кабинетінде ғана орын алатын бұл сериал сізге ұнары анық. Оны тамашалау арқылы сіз шынымен көп дүниені үйренесіз: психотерапияның американдық концепциясын, жұмыс пен жеке бас мәселелерін ажырата білу, санаңызды сілкіндірер басқа да білім.
"Ояну" ("Пробуждение")
Сериал сюжеті екі өмір аясында орын алады. Солардың бірінде басты кейіпкердің өмірлік жолдасы, ал екіншісінде ұлы тірі қалмақ. Жанына жақын адамдардың екеуін де аман алып қалу жолында кейіпкерге көп психологиялық қиындықтардан өтуге тура келеді.
"Ашуды басқару" ("Управление гневом")
Бұл сериал американың теле өндіріс саласындағы ең рейтингті туынды болып есептеледі. Алғашқы 10 сериядан тұратын маусымында не екені белгісіз болған дүние екінші маусымынан бастап өте ұтқыр ойлар мен сюжетке қол жеткізе отырып көрермен жүрегінен өз орнын тапты.
"Алдап көр" ("Обмани меня")
Бұл енді классика. Сіздің алдыңызға түрлі мәселелерді күшпен емес, адамның қылықтары мен әрекеттерін зерделей отырып шешуге жұмыс істейтін топ туралы сериал ұсынылады. Адамды ақылмен тану сізді шын мәнісінде толғандыратын болса, бұл теле көрсетілім сізді баурап алады.
А. Оралқызы