- Негізгі бет
- Кино
- XX ғасырдың ең...
XX ғасырдың ең ғажайып махаббат оқиғасы туралы фильм түсіріледі
XX ғасырдың ең атақты жұбы Джон Леннон мен Йоко Ононы білмейтін жан жоқ шығар. Олар алғаш бас қосып, Джон Леннон өмірден өткенге дейінгі аралықта барша жер-жаһан олардың сезіміне тамсанумен болған-ды. The Beatles тобының ең танымал мүшесі Джон Леннон мен жапониялық авангардшы суретші Йоко Оно — әдемі махаббат сезімін бастан кешкен өнер иелері.
Белгілі америкалық продюсер және сценарист Майкл Де Лука олар туралы фильм түсіретінін хабарлады. Сценарийді «Стивен Хокингтің әлемі» фильмі үшін «Оскар» сыйлығына ұсынылған Энтони МакКартен жазады. Ал, продюсер ретінде 83 жастағы Йоко Ононың өзі сайланды.
«Фильмнің негізгі қозғайтын тақырыбы махаббат, ерлік, АҚШ-тағы активизм шеңберінде болмақ. Біз қазіргі заман жастарына әлем туралы түсінік беріп, олардың санасына батылдық сынды ұлы қасиеттерді сіңіргіміз келеді», — дейді Де Лука.
А. Оралқызы