- Негізгі бет
- Кино
- XX-XXI ғасырдың ең...
XX-XXI ғасырдың ең үздік етікшісі туралы деректі фильм түсірілді
Интернетке әлем таныған етікші Маноло Бланик туралы "Manolo: The Boy Who Made Shoes for Lizards" ("Маноло: Кесірткелерге етік тіккен бала") аталатын деректі фильмнің үзіндісі жүктелді. Жалпы фильм атақты адамдардан алынған сұхбаттардан құралған. Олардың әрқайсысы испаниялық аяқ киім дизайнерімен жақын творчестволық қатынаста болған. Деректі фильмде мэтрдің жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты архив деректері пайдаланылады.
"Маған бір нәрсе ұнамаса өзімді қоярға жер таппаймын, – дейді Маноло, – Мен уақытымның көп бөлігін өндіріс орнында өткіземін, маған үнемі шығармашылық атмосферада болған ұнайды. Өкінішті болса да, менің бар жан-тәніммен сүйетін жалғыз дүнием – осы".
Бланикке арналған фильмге америкалық Vogue журналының редакторы Анна Винтур, дизайнер Айзек Мизрахи, сценарист Кэндес Бушнелл, әнші Рианна (ол Бланикпен бірлесе отырып бірнеше аяқ киім түрлерін ойлап тапқан) және басқа да сән өндірісінің өкілдері қатысты.
Фильмнің алғашқы көрсетілімі 15 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында өтеді. Ал, әзірше оның үзіндісін тамашалауға тура келеді.
А. Оралқызы