7th Baiqonyr International Short Film Festival-нің іріктеу комиссиясы 2022 жылғы анимациялық байқауында жеңіске үміткерлерді анықтады. Конкурсқа қатысу үшін барлығы 16 өтінім келіп түсті. Олардың 10-ы қатысушылар тізіміне енді.
«Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін»– Маржан Жубаныш
«Скорая помощь при меланхолии, или картина на память» – Дана Утегалиева
«Пшик» – Алиби Мукушев
«Не хочу!» – Мадина Абдукеева
«Шуақты бақ» – Гүлнұр Қажыбек
«Мех» – Арда Ерсінқазы
«Острые предметы» – Амина Тазиатова
«Бесік жыры» – Дильшат Рахматуллин
«Сенім» – Нурдана Мураткызы
«Воспоминания о яблоне» – Линара Миргалиева
Анимациялық байқаудың қазылар алқасына режиссер Дмитрий Власов (Өзбекстан), мультипликатор Георгий Богуславский (Ресей) және қазақстандық аниматор Рамиль Усманов кірді. Батумидегі (Грузия) Tofuzi Халықаралық анимация фестивалінің директоры Зураб Диасамидзе қазылар алқасын басқарады.
Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы "Арман" киноорталығында өтеді.