"Ted" комедиясы АҚШ-тағы прокатта көшбасшы атанды

"Ted" комедиясы АҚШ-тағы прокатта көшбасшы атанды

Солтүстік Америка прокатында "Ted" фильмі топ жарды. Бұл туралы Boxoffice хабарлады.

Әйгілі "Гриффиндердің" авторларының жаңа туындысында Сет Макфарлейн, Марк Уолберг және Мила Кунис басты рөлде өнер көрсетті. 50 миллион доллар қаражат жұмсалған фильм соңғы уик-эндте 54 миллион долллар жинады. Фильмнің Қазақстандағы премьерасы 2 тамызға жоспарланып отырғандығын айта кетелік.

а

"Ted" фильмінен кадр

Рейтінгінің екінші сатысында режисер Стивен Содербергтің  "Супер Майк" (Magic Mike) фильмі тұр. Басты рөлдерді Ченнинг Татум, Алекс Петтифер және Мэттью МакКонахи сомдады. Бюджеті 7 миллион долларды құраған картинадан 39,1 миллион доллар қаржы түсті.

"Батыл жүрек" (Brave) анимациялық фильмі тізімнің үшінші сатысынан көрінді. Мультфилм екінші демалыста 34 миллион доллар пайда тапты. 185 миллион доллар жұмсалған картинадан жалпы жиналған қаражат 131,6 миллион доллар.

Тимур Бекмамбетовтың "Президент Линкольн: қансорғыш атушы" фильмі 2 апталық прокатта 29 миллион доллар жинады. Фильмнің бюджеті - 69 миллион АҚШ доллары.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: timeforafilm.com, twitchfilm.com