Өткен жексенбі күні Star Trek фильміндегі лазерлік қару бәссаудада сатылып кетті.
Айта кетелік, аталған киноның реквизиттері бұған дейін бәссауда алаңында сәтті сатылып келген болатын. Бірақ ұйымдастырушылар қарудың осынша биік бағаға сатылатындығын күтпепті. 7 сәуір күні өткен бәссаудада ол 231 мың долларға сатылып кеткен. "Баз лазерлік қаруды 50 мың долларға сата алсақ та шүкір деген оймен отырған едік", - деді ұйымдастырушылар.
Естеріңізге салайық, 1960 жылы жарыққа шыққан культтік сериалдағы бұл лазерлік қару "Энтерпрайз" кемесінің капитанына тиесілі болған. Бұдан басқа Лос-Анджелесте ұзын саны 800-ге жуық лот ұйымдастырылғандығын айта кетелік.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: veronicabelmont.com, trainerscity.com, startrekweapons.com