Netflix компаниясы жаңа жұмысшы іздейді

Netflix компаниясы жаңа жұмысшы іздейді
Фото: rb.ru

Netflix компаниясы жаңа жұмысшы іздейтіндерін хабарлады. Жаңа қызметкерге қойылған негізгі талаптар – онлайн режимде Netflix фильмдерін, сериалдарын қарай отырып, оларды зерттеу, бағалау және сараптамалық мақала дайындау. 

Үміткердің шоу-бизнес саласында бес жылдық жұмыс өтілі болуы шарт. Ол Голливуд кеңсесінен тыс жұмыс атқарады. Сонымен қатар, ағылшын және жапон тілін білуі керек. Ал, оның жалақысы сайтта әлі көрсетілмеген. 

Netflix — Рид Хастингс және Марк Рэндольф негізін қалаған америкалық ойын-сауық компаниясы. Бастапқыда фильмдер мен сериалдарды мультимедиа ағымына сай қоюшы компания ретінде құрылды. 2013 жылдан бері олар өздерінің фильмдерін, сериалдары мен телебағдарламаларын шығара бастады. Бүгінде жастардың арасында танымал «13 себеп» (13 причин почему?), «Тылсым іс» (Странные дела) және компанияға табыс әкелген әрі технологияның болашақтағы өзгерісін көрсететін «Қарай айна» (Черное зеркало) атты сериалдары кең сұранысқа ие.

Т. Есқали