Netflix карантин кезінде қолданушылардың белсенді екенін айтып, осы уақытта көп көріліп жатқан сериалды атады. Бір қызығы, ол соңғы жылдары жаңадан шыққан сериал емес.
Қазір «Кеңсе» деп аталатын комедиялық сериал көп қаралуда. Оның алғашқы сериясы 15 жыл бұрын, яғни 2005 жылы 25 наурызда шыққан.
Сериал сюжеті кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлердің айналасында өтеді: күлкілі жағдайларға толы жұмыс күндері көрсетіледі. Ол аздап дірілдеген камера стилінде және кейіпкерлердің артынан «сығалау» арқылы түсірілген.
Сериал бірнеше рет «Алтын глобус» пен «Эмми» сыйлықтарын алған. Басты рөлдерді Стив Карелл, Рэйн Уилсон, Джон Красински және Дженна Фишер сомдайды.
Бұл сериалдың көп қаралуына қарағанда көпшілік үйден жұмыс істеу кезінде кеңсені және әріптестерін сағынған секілді.