2022 жылдың 10 қыркүйегінде Лидо аралында 79-шы Венеция кинофестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Үздік фильм үшін «Алтын арыстан» режиссер Лаура Пойтрас түсірген «Бар сұлулық пен қан төгіс» фильміне бұйырды.
«Инишерин баншилері» қара юмор элементтері бар трагикомедиядағы басты рөлі үшін Колин Фаррел «Үздік актер» атағын жеңіп алды. Кейт Бланшетт «Үздік актриса» ретінде«Вольпи» кубогымен марапатталды. Венеция кинофестивалінде ол «Тар» фильмін ұсынды. Сюжет Берлин оркестрінің режиссері қызметін атқаратын әйелдің өмірін баяндайды
«Күміс арыстан» болса, «Тұтас һәм түгел» картинасын ұсынған италиялық Лука Гуаданьиноға берілді.
Фестивальдің Гран-При жүлдесі француз режиссері Элис Диоптың «Сент-Омер» фильміне бұйырды, ол да фестивальдің «Болашақтың арыстаны» жүлдесін жеңіп алды.
Британиялық-ирландиялық сценарист Мартин Макдонаг Венеция кинофестивалінде «Инишерин Баншилері» фильмі үшін «Үздік сценарий» жүлдесін алса, ирандық режиссер Джафар Панахи «Аю жоқ» фильмі үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесін алды.
Марчелло Мастрояни сыйлығының канадалық актриса Тейлор Расселге Лука Гуаданьиноның «Тұтас һәм түгел» фильмі үшін берілді.