Kinopark Нұртас Адамбаевтың фильмін прокатқа қайта шығарды

Kinopark Нұртас Адамбаевтың фильмін прокатқа қайта шығарды
Фото: www.keden.kz

Kinopark кинотеатрлар желісі Нұртас Адамбаевтың "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмін прокатқа қайта шығарды.

"Kinopark компаниясы көрермендер мен Нұртас Адамбаевтың өтініші бойынша "Ауылдан қашу. Махаббат операциясы" фильмімен келісімшартты ұзартты. Алғашында Kinopark-қа келісімшартты ұзарту туралы көп хат келе бастады. Нұртас Адамбаев та осыны сұрады. Прокат бұрынғы форматта болады", − деді Kinopark кинотеатрлар желісінің даму және PR бойынша директоры Ерлан Бұхарбаев.

Еске сала кетсек, Kinopark 7 желтоқсаннан бастап фильмді прокаттан алу туралы шешім шығарған еді. Компания келісімшарттың толықтай орындалғанын жеткізді. Фильм прокатта екі апта болғаннан кейін оны алып тастау әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Біз Адамбаевтың фильмін 10 күн көрсету туралы келісімшартқа отырдық. Сондықтан да басқа фильмдердің прокатқа шығуына мүмкіндік беруіміз керек. Оның үстіне "Адель" фильмі шығады", − деді Ерлан Бұхарбаев. Фильм режиссері Нұртас Адамбаев болса, оның прокаттан алынғанына қатты таңғалғанын айтты.

Дереккөз: tengrinews

С. Ерсін