Бүгін Алматы қаласында Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында IV Baiqonyr International Short Film Festival шарасының ашылу салтанаты өтеді.
Үшінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдауымен өткізіліп отыр. Фестиваль тұрақтылығы мен әлеуметтік маңыздылығын дәлелдеп, сәтті шығармашылық жоба ретінде Қордың грантын қайтадан жеңіп алды.
Биылғы жыл Baiqonyr үшін ерекше, өйткені ол алғаш рет халықаралық деңгейде өтпек. ТМД елдерінен 80-нен астам өтінім келіп түсті, бірақ халықаралық байқауға 11 фильм өтті.
Жастардың кинематограф саласына бастайтын трамплиніне айналған конкурсты Айжан Қасымбектің "Су" атты 20 минуттық қысқа метражды туындысы ашады.
Былтырғы жылы туынды Вьетнамда өткен 5th Hanoi International Film Festival-де үздік қысқаметрлі фильм атанса, Monaco International Film Festival-де "Үздік артхаус фильм", "Костюм суретшісінің үздік жұмысы" және "Үздік музыка" номинациялары бойынша жеңімпаз танылды.