Forbes журналы жылдағыдай Ең көп ақы төленетін актрисалар рейтингін ұсынды. Тізімді Скарлетт Йоханссон бастады. Оның биылғы кірісі 40,5 миллион долларды құраған. Еңбекақының көп бөлігі Кек алушылар фильміндегі Қара Жесір рөлі үшін төленген. Екінші орынға Анджелина Джоли тұрақтады. Малефисента сиквеліндегі жұмысына берілген авансты қоса есептегенде актриса $ 28 миллион ақша тапқан. Алғашқы үштікті 19,5 миллион доллар табысқа қол жеткізген Дженнифер Энистон қорытындылайды. Жалпы, ондыққа Дженнифер Лоуренс ($ 18 миллион), Риз Уизерспун ($ 16,5 миллион), Мила Кунис ($ 16 миллион), Джулия Робертс ($ 13 миллион), Кейт Бланшетт ($ 12 миллион), Мелисса Маккарти ($ 12 миллион) мен Галь Гадот ($ 10 миллион) іліккен. Бірақ, бұл тізімді актерлер рейтингімен салыстыруға келмейді. Олар табатын ақша нәзік жандылар кірісінен үнемі2-3 есе артық болады.