Disney кинокомпаниясы бірден бірнеше атақты фильмді қайта түсіруді жоспарлап отыр. Олардың қатарында "Үйде жалғыз қалғанда" және "Мұражайдағы түн" фильмдері бар. Ремейктер арнайы жаңа Disney+ сервисінде көрсетілетін болады.
Бұл туралы Disney кинокомпаниясының директоры Боб Айгер хабарлады. Оларға ремейктер түсіру идеясы Fox кинокомпаниясымен қосылғаннан кейін пайда болған. Директордың айтуынша, бұл жай ғана қайта түсірілген фильм емес, жаңа ұрпаққа бейімделген картина болады. Кевин Маккаллистер қарақшыларға қарсы жаңа технологияларды қолдануы мүмкін.
Алайда бұл жаңалық көрермендер арасында наразылық тудырды: әлеуметтік желіде көпшілік компания классиканы өзгертпеу керектігін және Маколей Калкинді ешкім ауыстыра алмайтындығын айтуда.
Компания фильмнің шығу мерзімін және актерлік құрамды әзір айтқан жоқ. Disney "Арыстан патша" мультфилімінің ремейкін де түсіргенін еске сала кетейік.
"Үйде жалғыз қалғанда" комедиясы туралы қызықты деректер