Disney: "Мулан" шытырман оқиғалы фильмінің түсірілімі басталды

Disney: "Мулан" шытырман оқиғалы фильмінің түсірілімі басталды
Фото: vk.com

Disney студиясы экранға бірнеше жыл бұрын шығып, аса жоғары табыс алып келген Мулан анимациясына негізделген жаңа жобасын жасамақ. Фильм Қытай мен Жаңа Зеландия жерінде түсіріледі. Халықаралық тұскаукесері 2020 жылдың көктеміне жоспарланған.

Қытай аңыздарының желісі бойынша түсірілетін бұл экранизация режиссері ретінде Ники Каро («Энн» хикаясы, «Зообақ қараушысының әйелі») тағайындалды. "Муланның" фильм нұсқасына арналған сценарийді Рик Джаффа («Маймылдар аралы: Соғыс», «Теңіз жүрегінде») өзінің жары Аманда Сильвермен бірге жазады.

Жобадағы басты рөлді Лю Ифэй («Қуғында», «Тыйым салынған патшалық») сомдайды, ол жігерлі әрі табанды жауынгер қыз туралы оқиғаны көрерменге жеткізуші негізгі кейіпкер болмақ. Мулан жайлы аңыздың Қытай мифологиясында алар орны ерекше. Ол Қытай мектептерінің оқу бағдарламасына енген. Мулан ер адамша киініп, солтүстіктен Қытайды талқандауға келген басып алушыларға қарсы соғысқа аттанады. Жас бойжеткен шайқаста өзінің батырлығы әрі мықтылығымен көзге түседі.

Аңыз бойынша, Мулан — айбынды жауынгер Хуаның үлкен қызы. Шайқастан кейін бойжеткен император бұйрығымен ауру әкесінің орнына қытай әскерінің қатарына қосылады. Кейін оның атағы шығып, Қытай тарихындағы ең құрметті жауынгердің біріне айналады.

Бір қызығы, Disney-дің "Мулан" толықметражды мультфильмі 20 жыл бұрын ең табысты жобаның бірі атанып, "Оскар" мен "Алтын глобус" марапаттарына ие болған.

www.brod.kz

А. Оралқызы