Дисней мультфильмдері анимация әлемінің классикасы екеніне дау жоқ. Олар көпшіліктің сүйіктісіне айналғаны сонша, тіпті, сол ертегілердің түпнұсқасынан әлдеқайда танымал. Мысалы, "Джунгли кітабы" мен "Дамбо" XX ғасырдың ортасында жазылған ертегілер екенін біреу білсе, біреу білмейді. Көпшілік оларды мультфильм ретінде ғана қабылдайды.
Үлкеннің де, кішінің де көңілін баурап алатын осы Дисней туындыларына ағылшын аниматоры Том Уордс ерекше өзгерістер енгізген екен. Ол салған суреттерде мультфильм кейіпкерлері техника ғасырының жетістіктерін пайдаланады. Яғни, сіз Уордс суреттерінен XXI ғасырда өмір сүретін кейіпкерлерді көресіз.
"Мен баршаға жақсы таныс Disney кейіпкерлеріне өзгеше көзқараспен қарадым. Олар қазіргі заманда өмір сүрсе қалай болар еді? Бұл қиял менің төмендегідей суреттер жасауыма себеп болды",– дейді идея авторы.
Сонымен, бірге тамашалайық.