"Disney" студиясы 4,05 миллиард долларға голливудтық режиссер Джордж Лукастың иелігіндегі "Lucasfilm" кинокомпаниясын сатып алды. Қазіргі таңда аталған студия қаржының жарты бөлігін төлеп қойып, қалған жарты бөлігін төлеу мақсатында 40 миллион акцияны сатылымға шығармақ.
Және жаңа қожайынның алдағы жоспарлары да белгілі болып отыр. Яғни 2015 жылы ""Жұлдыз соғыстарының" жетінші эпизодын дүниеге әкелмек әрі екі-үш жылда бір жаңа кинодан шығарып тұрмақ.
"Кинематографистердің жаңа буынына ""Жұлдыз соғыстарын" табыстаудың уақыты келді" - деп режиссер келісім барысында айта кетіпті.
Естеріңізге салсақ, "Lucasfilm" компаниясы 1971 жылы құрылған.
сурет: svit24.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек